Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 22 Сәуір, 2024

Шағын су электр станцияларының иелеріне ерекше жағдай жасалады

Шағын су электр станцияларының иелеріне ерекше жағдай жасалады, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң шағын су электр станцияларына (10 МВт-қа дейін) электр энергиясын реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға – жеке-жеке кәсіпорындарды электрмен жабдықтаушы компанияларға тікелей сату құқығын береді.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңда өңірлік электр желілері компанияларын (ӨЭК) бюджеттік несиелеу де қарастырылған. Бүгінгі таңда республика бойынша өңірлік электр желілері техникалық жабдықтарының 70-80 пайызы тозған.
Коммуналдық өңірлік электр желілері үшін несиелер ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен 20 жылға беріледі. Коммерциялық өңірлік электр желілері үшін несие Қазақстан Даму банкі арқылы 7 пайызбен беріледі.

252 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз