Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Сәуір, 2024

Бишімбаев телефонындағы видеоны өзі түсіргенін мәлімдеді

Бүгін Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы "аса қатыгездікпен өлтірді" деп айыпталған вице-министр Қуандық Бишімбаевтың кезекті сот отырысы өтті.

Бұған дейін телефонын тексеруге қарсылық білдірген Бишімбаев сотта құпиясөзін беруге келісті. Оның телефонынан былтыр 9 қарашада түсірілген 12 видео табылды. Олар "Bau" мейрамханасының VIP-бөлмесінде, көшеде және Бишімбаевтың көлігінде түсірілген.
Онда айыпталушы Нүкенованы жаман сөздермен балағаттап, бұрынғы қарым-қатынасы туралы сұрақтың астына алғаны естіледі. Судья марқұмның үстінде тек сырт киім (плащ) болғанын айтты.
Нүкенованың ағасы Айтым Амангелді видеоны көргенде көз жасын тыя алмады.

Бастапқыда бұның бәрі монтаж деген Бишімбаев ақырында видеоны өзі түсіргенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгінгі сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак қатысты.

203 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз