Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Сәуір, 2024

2000-ға жуық отбасы біржолғы төлем алды

2000-ға жуық отбасы біржолғы төлем алды, - деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.
 Су тасқынынан зардап шегіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жергілікті өкілетті органдардың шешімдері негізінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі.
Ақтөбе облысында қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау мақсатында беріліп жатқан біржолғы төлем бүгінде 633 млн 462 мың теңгені құрады. Оны 1 948 отбасы алған.
 Өңірде су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек беру шаралары жалғасуда. Мемлекет басшысы айтқандай, табиғи апат салдарынан жапа шеккен тұрғындарға барынша қолдау көрсетіледі.

 

Фото: t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

181 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз