Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Сәуір, 2024

Бүгін – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні

Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.

Халықаралық кітап күнінің 23 сәуір күні тойлануына себеп болған, көпке белгілі жазушылар (М.Сервантес, В.Шекспир, И.Вега, М.Дрюон және тағы басқалар) дәл осы күні дүниеге келіп, осы күні дүниеден озған.

Мереке Халықаралық кітап баспа қауымдастығының қолдауымен 1969 жылдан тойланып келеді.

1995 жылдың 16 қарашасында өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 28 сессиясында мереке туралы Қарар қабылданып, 23 сәуір «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні» болып жарияланды.

Арабтың «кітап» деген сөзі қазақша «жазу», «жазба» деген мағынаны білдіреді. Кітаптың шығу мен дамуы сол жазу өнерінің пайда болуымен тығыз байланысты. Ол қажетті материалдардың ойлап табысуына және техниканың дамуына сәйкес жетілдіріле берді.

Ежелгі заманда Мысыр мен Шығыс елдерінде, Греция мен Римде кітап қыш тақталарға жазылды. Кітап тас бетіне де қашалып жазылды.

Түркі халықтарының көне жазба мұрасы болып табылатын «Орхон – Енисей жазба ескерткіштерін» (7-9 ғ.) ашық аспан астында тұрған тас кітаптар, деуге болады. Көпшілікке арналған алғашқы баспа өнімдері, яғни, діни уағыздар, қолжазба кітаптар ағаш қабығына, теріге, кейіннен қағазға қолмен көшіріліп жазылған.

Ірі қалаларда қолжазба кітапты мәнерлеу өнерімен шұғылданатын арнайы маман-көшірмешілер, түптеушілер, миниатюрші суретшілерді топтастырған орталықтар жұмыс істеген.

Біртекті мәтінді көп данамен тарататын Баспа тарихы Қытайда кітап көбейтудің жаңа әдісі – ксилографияның (ағаштан ойылған қалыппен басу) пайда болуынан басталады. Осы әдіспен ең алғаш будда дінінің «Жақұт сутра» (868) деген кітабы басылды.

1040-1048 жылдары Би Шен жылжымалы қаріптерді, құйма әріптермен теру процесін ойлап тапты. Ал, Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін ғана келді.

Фото: ашық дереккөз
 

110 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз