Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Сәуір, 2024

Қазақстан Сыртқы істер министрінің Таиландқа ресми сапары туралы

Таиланд Корольдігі Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Парнпри Бахиддха-Нукараның шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Таиландқа ресми сапары өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы Істер министрлігі хабарлайды.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-тай қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Министрлер Қазақстан мен Таиландтың жаһандық саяси күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша, әсіресе Азия континентіндегі ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздік салаларындағы ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті. Осы тұрғыда БҰҰ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес және Азиядағы ынтымақтастық диалог сияқты алаңдарда ынтымақтастықты жалғастыруға өзара мүдделілік білдірілді.

Фото: дереккөзден алынды

75 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз