Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Сәуір, 2024

Райымбек Баталов Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты мәлімдеме жасады

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты мәлімдеме жасады.

Қуандық Бишімбаев бұған дейінгі сот отырысының бірінде әйелі марқұм Салтанат Нүкенованың Райымбек есімді кәсіпкермен байланысқанын айтып, айыптаған еді.

«Достар, мен соңына дейін Бишімбаевтың сот процесіне пікір білдіргім келмеді, бірақ атыма кір келтіретін сұмдық айыптаулардан соң, мәлімдеме жасауға мәжбүрмін. Айыпталушының менің атыма айтқан жаласы – сандырақ, ақылға қонбайтын өтірік. Сіздерді бұл өтірікке сенбеуге, БАҚ өкілдері мен блогерлерді жалған ақпарат таратпауға шақырамын», - деді Райымбек Баталов Instagram желісінде жарияланған бейнеүндеуінде.

Сондай-ақ, Райымбек Баталов Салтанаттың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Бұл асқан сұмдық. Нукеновтар отбасына шын жүректен көңіл айтамын», - деді ол.

211 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз