Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Сәуір, 2024

Прокурор автобус жүргізушісін ұрған жолаушыны сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматыда 47-ші автобустың қатысуымен үш адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа қатысушылардың арасында жарыссөз болды.

Айыптау орнында апатқа себепкер болған автобус жүргізушісін ұрған ер адам отыр. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсі толық дәлелденгенін айтып, сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Дархан Ахметжановты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 (1-бөлігі) және 351-бабы (3-бөлігі) бойынша кінәлі деп танып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі қауіпсіздіктегі мекемеде өтеуді сұраймын», – деді прокурор.

Ол айыпталушының өз кінәсін мойындамайтынын және өкінбейтінін баса айтты.

182 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз