Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҮРКЕР
  • 09 Сәуір, 2015

Сағындым ғой ауылдың гүл көктемін...

    Мұқият  Қойшыбайұлы 1984 жылы  2 маусым  күні  ҚХР Іле  Қазақ  автономиялық  облысы Текес ауданында  дүниеге  келген. 2005  жылы  Атамекенге  оралған.  Ы.Алтынсарин  атындағы  АрқМПИ тәмамадаған. Қалалық, облыстық жыр бәйгесінің бірнеше дүркін жеңімпазы.  Қазіргі  таңда Арқалық қаласындағы  облыстық  «Дала  өлкесі тарихы»  мұражайының  ғылыми қызметкері.   IMG_0056   Әке туралы баллада Тау, қыраты, көз тартар әсем көлдері, Мына байтақ даланы әкем көрмеді. Аты ойылып мәрмарда  жатыр марқұм, Көп қабірдің бірінде жат елдегі.   Бұйыртпаса дәм – тұзын ана ғұмыр, Бәрі бекер салғанмен сана дүбір. Бабамның  басы жатқан  бұл далаға, Ал әкемнің тимеді  табаны бір.   Жанын қарып жат елде  жалын ішкі, Көрсем  елді   деп қанша  алып - ұшты. Бұйыртпады,  сұм өмір салды ұзатып, Тәніне серік етіп сағынышты.   Көрмеді әкем,  амал не,   бұл даланы, Жат елдің бір кезеңі гүлге орады. Ойлап көрсем жазмыштан озбайды екен, Адам деген өмірдің бұл қонағы.   Тағдырға  кім қасқайып  бұлқына алмақ, ( Десе де,   қоймас  арман ырқыңа аунап). Қараторы  келіні өз төрінен, Бере  алмады  қара су бір шыны аяқ.   Отау тігіп,  кең жайған керегесін, Жарық күн нұрландырған  терезесін. Білмеді әкем менің кім болғанымды, Көрмеді әкем үйдегі немересін.   Мұң, қайғыңда күн санап  еселене, Әлде  ғұмыр осылай көше бере ме?! Ең болмаса  әкенің ақтық өсиетін, Тыңдауды өмір жазбапты бешенеме.   Қабағыма мұң салып қаза қалың, Кім ойлаған мезгілсіз жаза барын. Енді міне жан әкем еске оралса, Жанарыма жас ілер жан азабым.   Әр тәлімін әкенің  жеміс деп тердім, Сондықтан да  бүгін жеңіс көп көрдім. Көзі  бар да көңілі тоярлықтай, Білмеймін,  мен әкеме не істеп бердім.   Ақтадым ба үмітін... Ақтамадым! Жаулап  алды санамды қап – қара мұң. Баяғы аңғал мінезбен  келем әлі, Ара-жігін ашалмай ақ, қараның.   Мөлдіретіп  төксе де  өлке күнді, Ертелі - кеш  мұң басар  тентегіңді. Арысым, Алтаудай айбындым – ай, Өзіңсіз қарсы ап жүрмін ертеңімді.   Көкейімде алайда   аманатың, Бүгін міне атанды балаң ақын. Сезіп  мүмкін өзіңде жатырсың – ау, Жаным бар да шықпайды жаман атың.         Nature_Seasons_Spring__006102_ Туған жер Қасқайып,  қарсы өседі аспанға тік, Жасыл  орман,  тау- тастан тапқан бақыт. Туған жердің,  па - шіркін,  қысы қандай, Табиғат кең пейілімен шашқан жақұт.   Шыдап тұра алмайсың өзіңді іркіп, Құшағына сүңгисің  сезім бүркіп. Жігітін ұрын көрген қалыңдықтай, Анда – санда ашасың көзіңді үркіп.   Ақ мамыққар ораған үлбіретіп, Ақ қоян өтеді алдан бұлдыр етіп. Мұз астында көк өзен  бұлқынады, Жаралы арыстандай гүр – гүр етіп.   Ет пен тамақ  санасын талаған үміт, Ит құста жүр ауылды сағалап ұлып. Біздің  үйдің ақтөсі тыным таппай, Түні бойы шығатын  абалап үріп.   Жағасы орман, қамзол шың, бөрікті өлке, Тәңір сыйын әуелде беріпті ерте. Қожыр – қожыр қой тастың арасында, Күнге көрік қосады елік, теке.   Болмас еді арманым мұнша  мығым, Жүйрік  торы астымда  тұрса бүгін. Шірене теуіп шіркін– ай,  тебінгіңді, Мына ақпанда  құрсаң ғой бір салбуырын.   Бүркіт, ұлар қалықтап тауда тағы, Сай – саланы көзімен аунатады. Кешқұрым қу түлкілер қырға шығып, Ауылдың аңқау итін шулатады.   Қу тиін де көз алдар бұлаңдап ап, Дала  біткен ақ сүңгі,  қырауда бақ. Туған жер – ай, сен едің жер жәннаты, Дертімнен сауығатын бір аунап ап.       Туған жер - ай,  қоймайды  еркіңе тым, Асыққан сәттерде ессіз көркіңе түн, Мен түгіл күннің өзі қимай сонда, Өрт қарып бататұғын  екі бетін. 20, 02, 15. Таң.   Гүлденге   Кешіре ғой, кеш мені, кешір, Гүлден, Ұға алмадым, жүрмей тұр десім мүлдем. Кездеспеуің ағаңа  керек пе еді, Неге танып, өзіңді несін білгем.   Енді құшақ жаямын саған қалай? Сірә, жасап көрмеп ем қадамды олай. Айгерімдей керіліп  біздің үйде, Бір жан отыр көретін ағаңды Абай.   Айналайын нәп-нәзік пейіліңнен, Ажырата алмаймын сені гүлден. Келші кәне сипайын маңдайыңнан, Тек ағалық асқақтау мейіріммен.   Өлең болар ендігі  табынар ісім, Сен аман жүр өмірде бағы бар  құсым. Ыризамын мен саған өле - өлгенше, Мендегі өр рухты танығаның үшін.     Ауылды сағындым Құтын емген құлшынып құлыны ем мен, Менің мына жүрегім бүтін  елмен. Сағындым  ғой ауылдың гүл көктемін, Соғым етін аңсадым сүріленген.   Бауырымның  сағындым ат-көлігін, Шығарып бір шабатын ақ көбігін. Сағындым ғой  көңілі кең даладай, Дос- жаранның  күмәнсіз  пәк көңілін.       Береке де, ауылда  бақ, ырызғы, Жаны жайсаң, жұртының танымы ізгі. Ханның жалғыз қызының тойындайғып, Жылда  бір ай тойлайтын  наурызды.   Әрбір үйдің ашылса  есігі әнмен, Жақсы тілек жеткізіп көршіңе «әу» дем. Шал –кемпірлер бас қосып қауқылдасар, Жағалай ауыз тиіп   жеті дәмнен.   Сал- дәстүрдің, ғұрыптың бәрін сүйген, Тал бойына қазақы тәлім сіңген, Анам салған көжені  бал ма дерсің, Тас ошақта қайнаған самырсынмен.   Зыр жүгіріп алдыңда  келін де, іні, Сыпайы айтқан жағатын көңілге үні. Ал адамдар жататын құшақтасып, Күнде көріп жүрсе де бірін - бірі.   Бал-бұл жайнар жүздері, ниеттері, Жаныңа шабыт сыйлар тілектері. Пай,пай,  ауыл сағындым алып – ұшып, Ертелі – кеш еске алам жүдеп сені.   Ей, уақыт Ей, уақыт, сені жұрт емші дейді, Айтшы неге  көңілім көншімейді. Мойын бұрсаң болғаны  риза едім, Сыбағамды кешігіп берші мейлі.   Ей, уақыт, саған жұрт  бағынады, (Шыбын жанның қайтеді қамы бәрі). Саған кінә тақпаймын үмітімді, Жалғап тұрса болғаны таңым әрі. Күн құйылса бойыма  көктен егер, Жырым қанша көкейден көктеп өнер. Жазып, жазып тастайын айтарымды, Мына басқа  мүмкіндік тек бере гөр. Әуел баста жасаған  қалыбымды, Сүйем ғой мен, сүйемін  Халығымды. Өтеу үшін  парызым міндетімді, Маған өмір  қия гөр жарығыңды. Санам мұңнан әйтеуір тазармады – ау, Кетсем деп ем  қалдырып қағазда алау. Өтінемін,  уақыт,  қапияда, Сүйреп ала жөнелме мазарға анау. Сыбағасын жүрме екен сақтап анам, Жүйрік торы жүрме екен баптап ағам. Көршіңнің өзі кіретін есік қағып, Әбден мезі болдым ғой  тас қаладан. Ауылды сағындым...

1982 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз