Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Маусым, 2015

ӨЗБЕК ШЕКАРАШЫЛАРЫ ҚАЗАҚ АЗАМАТЫН АТЫП ӨЛТІРДІ

pogudx74o2pfbf3t8_3ae065db-mbe1fh5msy5kn6yygur0dm2g2cqjobm1k44cn6l54mӨзбек шекарашылары тағы бір қазақ азаматын атып тастады. Оқиға кеше кешкілік орын алған. 28 маусым күні сағат кешкі 9 жарым шамасында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында Қазақстан азаматына оқ атылды, деп жазады  NUR.KZ.  Қызыл әскер ауылының 37 жастағы тұрғыны Уәлихан Ахметов ауылдастарымен бірге балық аулап жүрген. Тірі қалған куәгердің айтуынша, олар Қазақстан территориясында қайықпен балық аулаған. Яғни, Өзбекстан аумағына қарай өтпеген. Алайда, оларды өзбекстандық шекарашылар байқап қалады. Балықшылар жағалауға қарай жүзе бастағанда өзбекстандық шекарашылар оқ жаудыра бастайды. Мойнына оқ тиген Уәлихан Ахметов ауыр жарақаттан көз жұмды. Бүгінде оның денесі мәйітханаға жіберілген. Бұл оқиғаға байланысты ресми органдар әзірге ешқандай мәлімет таратпай отыр.  

807 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз