Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Шілде, 2015

Депуттар каникулға кетті

95717a1d0a5e7872bf08dfda277b3d96 Бүгін Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтті. Бесінші мәрте сайланған Парламенттің төртінші сессиясы аяқталды. Енді, депутаттар қыркүйекке дейін демалатын болады.
Биыл алғаш рет депутаттардың каникулы қысқарды. Дәлірек айтсақ, жұмыс мерзімі әдеттегіден 15 күнге созылды. Былтыр төртінші сессияны ашу барысында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы қауырт жұмыстарға орай Парламентке депутаттық каникул мерзімін қысқартуды өтінген еді.Мұны депуттар бір ауыздан қолдап, осындай шешімге келген еді. Парламент Палаталарының бірлескен отырысына төрағалық еткен Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолында Елбасы жүктеген міндеттерді алға тарта келіп, осыған орай барлық мемлекеттік органдар оған қажетті іс-әрекеттер жоспарын әзірлеп-қабылдау керектігін айтты. Спикердің атап өткеніндей, Мәжілісте жалпы Палата бойынша, сондай-ақ, құрылымдық бөлімдерде заң шығармашылық жұмыстарға жан-жақты талдау жасау басталып кетті. Бұл жұмыстың алғашқы нәтижесі арнайы шығарылған ақпараттық-талдамалық баяндамада көрініс тапты. Онда нақты заң жобасы бойынша жүйелі мониторинг жүргізіліп қана қоймай, заңнамалық реттеуді қажет ететін, талқылауға қатысушылар көтерген, осы саладағы өзекті мәселелерге де талдау жасалынады. - Сондықтан, сессия сайын қайталанып отыратын проблемалардың кешенді шешімін табуы үшін біз Парламент пен Үкіметтің бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұсынамыз. Ол Елбасы жүктеген тапсырмаларды сапалы заңнамалық қамтамасыз етуге жол ашады,-деп түйіндеді сөзін Мәжіліс Төрағасы. BAQ.KZ

460 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз