Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Шілде, 2015

28 шілдеде республиканың батысында және Алматы облысында аптап ыстық болады

Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ұйтқыған жел көтеріледі, солтүстікте және шығыста кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, Қазақстакнның қалған аумақтарында күн райы ашық болады.20150623024127 Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Таяудағы тәуліктерде Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендердің көпшілігінде су бетінің құбылуы байқалады, Алматы облысының тау өзендерінде су ағыны ұлғаяды. Қазақпарат агенттігі

670 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз