Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҮРКЕР
  • 03 Желтоқсан, 2010

Домбыра шерткен Даниил

Даниил КоторовӘрбір ұлттың болашағы - оның білімді де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпағының қолында. Ендеше, осындай заман талабына сай білікті де білімді, өнерлі ұрпақ тәрбиелеу мектеп пен оның тірегі ұстаздардың қолында.

Алматы қаласы, Алмалы ауданына қарасты «Арман» оқыту-тәрбиелеу кешені де - талантты да жігерлі, білімді түлектер тәрбиелеп келе жатқан үлкен мекеме. Бұл мекеме 1997 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Мектеп басшылары ерлі-зайыпты педагогтар Гилев Евгений Николаевич пен Гилева Тамара Сергеевна педагогика саласында 50 жылдан астам ұрпақ тәрбиесімен айналысуда. Өздері басқарып отырған мектепте білім берумен қатар әр түрлі үйірмелердің де жұмыс жасауына барлық жағдай жасалған. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту мақсатында көптеген тәрбие сағаттары, патриоттық тақырыптағы кештер, қоғам қайраткерлері, жазушылармен кездесу кештері өткізіліп тұрады. Мектепте Евгений Николаевичтің жетекшілік етуімен «Парус» оқушылар театры жұмыс жасайды. Театрдың репертуарында орыс, қазақ және шет ел жазушыларының шығармаларына қойылған спектакльдер бар. Мектеп жыл сайынғы өтетін ҰБТ қорытындысы бойынша Алматы қаласы бойынша І, ІІ орынды иемденіп келеді. Мектепте домбырашылар ансамблі жұмыс жасайды. Оның жетекшісі Әлімжан Бағдат - тәжірибелі ұстаз және музыкант. Бұл ансамбльдің құрамында қазақ балаларымен қатар өзге ұлт өкілдерінің балалары да бар. Солардың бірі - қазақ домбырасының қыр сырын терең меңгеретін 4-сынып оқушысы Которов Даниил. Жас домбырашы қазақ сазгерлерінің шығармаларымен қатар әлем музыканттарының да шығармаларын шебер орындайды. Сонымен бірге 1-сынып оқушылары Медведева Валерия және Оларь Настя да домбыраны тез үйреніп, ағаларынан қалыспауға тырысуда. Бұл жас домбырашылар мектепте өткізілетін барлық мерекенің қонағы. Әсіресе, Наурыз мерекесі кішкентай домбырашылардың әсем әндері мен күйлерінсіз өткен емес. Біз домбырашыларымызға талмас талап, шығармашылық табыс тілейміз!

Алмагүл Хайроллақызы

798 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз