- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 13 Қаңтар, 2017
Экс-министр Қуандық Бишімбаев екі айға тұтқындалды

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тұтқындалды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросына сілтеме жасап.
«12 қаңтарда Астананың №2 Алматы аудандық соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», - деп хабарлады ұлттық бюродағылар.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Естеріңізге салып өтсек, экс-министр Қуандық Бишімбаев ірі көлемде бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Қ.Бишімбаев Астана ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды.

268 рет
көрсетілді1
пікір
Алдыңғы мақала
Н.Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне барады
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Ерназ
13 Тамыз, 2020Пікір айтып, кінәлау әлі ерте деген ойдамын.