Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 20 Желтоқсан, 2017

Халықтың мәңгілік зердесі

Әр заманның жаратылысы ерекше дара тұлғалары болады. Қырғыз халқының көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматов, сөз жоқ, елінің маңдайына біткен ұлы перзенті еді. Ол әдебиет әлемінде ерекше қолтаңбасын қалдырып қана қоймай, қоғамда орын алған оқиғаларға да өзіндік үн қосып отырған. Мәселен, «Қырғызстанда орыс тілі дамымай отыр» деген сыңаржақ пікірге қарсы шығып, ана тілі еріккеннің ермегі емес екенін айтады. «Комсомольская правда»  газетінде Қырғызстандағы тіл мәселесіне орай жазылған бір мақаланы сынға алып, өткір пікірлер айтады. «Тіл – кез келген халықтың дара жаратылысын айқындайтын бірден-бір бедер-кескіні, тіл – оның тәжірибесінің, танымының, мәдениетінің, тарихының тоғысқан тірек-тұтқасы, дербес айнасы, ең соңында тіл – ұлттық эмоциялы сезімдерінің жайтартқышы және мәңгілік зердесі. Қырғыздар, бәлкім, сондықтан да өздерінің ана тілін «ене тіл» дейтін болар. Халық өз тілінде өзін таниды және өзін көрсетеді» - дейді жазушы. Сондай-ақ, Шыңғыс Айтматов қазақ тілінің болашағы жайлы: «дүниеде қазақ тілі мен қазақ халқы барда Мұхтар Әуезов есімі мәңгі жасай береді», - дейді. http://anatili.kazgazeta.kz/?p=46298

746 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз