Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Қаңтар, 2018

Миграциялық ХҚКО-ны ашу арқылы қажетсіз құжаттардан құтылдық – Дәурен Абаев

Бүгін Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен миграциялық және цифрлық xалыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды, деп xабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgaeta.kz.

 Көші-қон қызметтерін көрсету орталығында шетелдік азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

“Бұл - еліміздегі алғашқы барьерсіз миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығы. Шетелдіктер барлық қызметті осы жерден ала алады. Бұрын бұл қызметтерді алуға 5 күн кетсе, қазір осы жерден 1-2 сағаттың көлемінде қол жеткізеді”, - деді Дәурен Абаев миграциялық ХҚКО-ның ашылуында.

Министр бұл орталық заңсыз мигранттардың азаюына міндетті түрде септігін тигізетінін атап өтті.

“Қазіргі уақытта көптеген заңсыз мигрант өз құқығын, осындай жағдайдың барын білмей, 5-10 күн жүретін процедуралардан қорқады. Осы миграциялық ХҚКО арқасында берілетін патенттердің саны көбейіп келе жатыр. Адамдар күнде полициядан қашып жүргенше 1 сағат, 2 сағат ішінде құжаттарды алуға болатынын естіп-біліп, бүкіл құжатын реттеп алуға мүмкіндігі бар. Міндетті түрде мұндай ХҚКО-лар заңсыз мигранттардың азаюына әкеледі”, - деді Дәурен Абаев.

Фото: Мұрат Жұманбайдың facebook парақшасынан

Ол миграциялық ХҚКО ашу арқылы құжат түрлерін зерттеп, керек емес құжаттарды алып тастағанын мәлімдеді.

“Бір жерге тіркеледі, бұның бәрі электронды түрде ашық, барьері жоқ ешқандай. Бұрында бес күн өту керек болатын. Ол кезде бір мекемеге емес, неше түрлі мекемеге келеді. Сондықтан жемқорлық мүмкіншілігі көбірек болады. Бұл жағын да ойластырдық. Құжаттардың санын да қысқарттық. Керек емес құжаттарды алып тастадық”, - деді министр.

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Астанадағы миграциялық ХҚКО жұмысын көріп, мұндай орталықтарды басқа қалаларда ашу көзделіп отырғанын айтты. Енді Алматыда ашу жоспарланып отыр, себебі ол жерде де көші-қон ағыны өте үлкен.

965 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз