Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Ақпан, 2018

Депутат Мәулен Әшiмбаевтың өкiлеттiгi тоқтатылды

Бүгiн Мәжiлiс депутаты Мәулен Әшiмбаевтың өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсiне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

 «ҚР Конституциясының 52-бабы, 5-тармағына, «ҚР Парламентi және оның депутаттар мәртебесi туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы конституциялық заңының 24-бабы 3-тармағына сәйкес және орнынан түсу туралы өтiнiш негiзiнде, Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Мәулен Сағатханұлы Әшiмбаевтың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы мәселенi шешу үшiн ұсыным енгiзiп отыр», - дедi Орталық сайлау комиссиясының мүшесi Бақыт Мелдешов.

Парламенттiң төменгi палата төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәулен Әшiмбаевқа жаңа қызметiнде табыс тiлеп, алғыс хат табыстады. Өз кезегiнде, Әшiмбаев әрiптестерiне алғыс айтты.

Еске салсақ, Мәулен Әшiмбаев 2016 жылғы 25 наурыздан бастап VІ сайланымдағы ҚР Парламентi Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Ол 1 ақпан күнi «Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары болып тағайындалды.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

562 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз