- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 01 Мамыр, 2018
Kazakh TV арнасы қырғыз тілінде хабар таратады
Енді қырғыз елі Қазақстанның тарихы және салт-дәстүрімен жақынырақ таныса алады, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтынасілтеме жасап.
«1 мамырдан бастап, «Қазақ ТВ» арнасы қырғыз тілінде де хабар таратады. Арнада тарихи және салт-дәстүрді насихаттайтын бағдарламалар топтастырылған. Қырғыз ағайындар үшін қызықты болады деп ойлаймын. Себебі дайындығымыз жоғарғы деңгейде. 450-ден астам бағдарламаны қырғыз тіліне аударып, дыбыстап қойдық. Бар контент дайын тұр», - дейді Kazakh TV телеарнасының халықаралық ақпарат бөлімінің продюсері Рейна Досалиева.
697 рет
көрсетілді0
пікір