Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Мамыр, 2018

Төрт бірдей қазақстандық боксшы жекпе-жектен шеттетілді

Нью-Йорктегі қазақ-полицей Димаш Ниязов, Айдар Шәрібаев, Шыңғысхан Тәжібай және Сағадат Рахманқұлов санкцияға ілікті. Нью-Йорк штатының атлетикалық комиссиясы Тәжібайды 21 мамырға дейін, ал Ниязовты 27 маусымға дейін шеттеді. Шәрібаев (27 мамырға дейін) пен Рахманқұловты (19 маусымға дейін) Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы шеттеді. Әзірге себебі белгісіз. Димаш Ниязов соңғы жекпе-жегін 28 сәуірде Нью-Йоркте өткізіп, спорттық мансабында тұңғыш рет ұпай санымен мексикалық Анхель Саринадан жеңіліп қалды. Осындай жағдай Шәрібаевтың да басынан өтті. Ол сәуірде америкалық Эндрю Канчиодан мерзімінен бұрын жеңілді.  Ал Рахманқұлов пен Тәжібай сәуірде өткен жұдырықтасуда жоғары ұпайға қол жеткізді.

565 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз