Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Рухани жаңғыру
  • 23 Тамыз, 2018

ҚазҰУ ғалымдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 25 монография мен 100-ден аса ғылыми мақалалар жазды

Мұндай тың ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің ректоры Мутанов Ғалымқайыр Мутанұлы айтты.

Оның айтуынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда 25 монография мен 100-ден аса ғылыми мақалалар жазды. Ұлттық және өңірлік БАҚ-тарда университет оқытушылары мен студенттерінің 200-ден аса мақаласы жарық көрді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарына арналып 176 ғылыми жоба, магистрлік диссертациялар, диплом жұмыстары қорғалды.

Бірқатар жобалар «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде жүзеге асырылуда.

- Бұл «Саналы азамат» базалық бағыты бойынша «Тәрбие және білім» бағдарламаішілік аясындағы «Ұлы дала жастары» жобасы. Ол шет тілдерін үйрету курстарын ашуға бағытталған; студенттік старт-ап компаниялар аясында бизнес-жобаларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру; студенттік мансаптың бағдарламасын және интеллектуалды клубтарды құру; студенттер мен жас ғалымдарды ғылыми жұмыстарға және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына көптеп тарту.

- ҚР БжҒМ гранттық қаржыландыруымен «Дәстүрлі тәрбие және Рухани Жаңғыру» жобасы.

- «Айналаңды нұрландыр!», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Саламатты дене мәдениеті», «ҚазҰУ – Гринкампус», «Отандық кино күні» сияқты тәрбиелік жобалар.

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында бірінші кезекте тұр. Мемлекетіміздегі дамудың жемқорлыққа қарсы үлгісін жүзеге асыру адам капиталы қалыптасатын білім ұйымдарына тікелей қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өзгерісті өзіңнен баста» жобасы негізінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға арналған ғылым-білім кластері құрылды.

«Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі, «Азаматтық бақылау» жемқорлыққа қарсы технологиялар және қоғамдық қабылдау ҰЗИ жатады.

Сонымен бірге, Алматы қалалық сотының қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында «КЕЛІСІМ» заң қызметтері мен келісім орталығы ашылды. Оның мақсаты студенттер арасындағы заң бұзушылықтын алдын алу және әділеттілікті орнату қағидаларын қолдану негізінде қақтығыстар жағдаятына қатысушының әлеуметтік реабилитация қызметіне қолжетімді болу, сонымен қатар үшінші тарап өкілі арасындағы келіспеушіліктерді татуластыру және медиация негізінде жүргізу-деп атап өтті оқу орын басшысы Ғ.Мутанов.

1724 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз