Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 14 Қараша, 2018

Сайрам алмалары Ресей базарларына шықты

Түркістан облысының Сайрам ауданында орналасқан 110 мың гектар алқапта ең тәтті алма өсіріледі, - деп хабарлайды kazgazeta.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Сайрам ауданындағы өні алқабы индустриялық бағдарлама аясында іске қосылған бірегей жоба. Биылғы жылы бағбандардыңқол жеткізген өнімі де ауыз толтырып айтарлықтай. Алынған өнімнің жалпы көлемі 2,5 мың тоннадан асып жығылады. Алдағы меже – өнімділік көлемін 5 мың тоннаға жеткізу. Бұнда диқандар алма мен қара өріктің шетелдік сұрпын жерсіндірген. Серіктестік құрған шаруа өнімді сақтау мен тасымалдау және оны қайта өңдеумен айналысады. Бұл серіктестікте алманың 13 түрі бар. «Негізінен бау-бақшада 5 сұрыптағы Италия, Түркия мен Голландияның алмаларына сұраныс жоғары», – дейді Сапарбек Ержігітов.

Алқапқа алманы отырғызудан бастап, оның өнімін жинау, сақтау, жеткізіп беру барлығы жолға қойылған. 110 гектар алқаптың дені – алма. Ал 5 гектарға қара өрік егілген. Өнімді ұзақ уақыт сақтау үшін сыйымдылығы 15 мың тонналық қойма жұмыс істеп тұр.

Сапарбек Ержігітов, серіктестік директоры:

– Бізде екі мұздатқыш камера бар. Үш алдын ала салқындататын бөлме бар. Тағы да 5 үлкен камера бар. Жалпы сыйымдылығы – 8200 тонна. Бауды егуде, салқындатқышты камераларды салуда мемлекет тарапынан үлкен көмек болып отыр. Компания логистика мен тасымалдау мәселесін де реттеп қойған. 20 арнайы көлігі бар. Өнімдер Шымкент, Астана мен көрші Ресей базарларында саудаланып жатыр. Ал қыркүйек айынан бастап кәсіпорын шырын мен алма езбесін шығаруды қолға алған. Өнімді өңдеуге арналған негізгі құралдарды сатып алу үшін серіктестік «Агробизнес өңдеу» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алған.

Бауыржан Түймебаев, Аграрлық несие корпорациясының облыстық филиалының директоры:

Алма шырынын, пюре шығаратын өндірістік жабдықтарға несие бөлдік. 75 пайызы бізден шыққан, 25 пайызының өз үлесі бар. 8 пайызбен 6 жылға алынды. Бірақ 10 жылға дейін алуға болады. Шырын мен пюре шығаратын бұл жобаның жалпы құны 212 миллион теңгені құрайды. Ал цехта қызмет ететін технологтың айтуы бойынша, мұнда 100 келі алмадан 70 литр шырын алуға болады екен. Австриялық үлгімен дайындалатын бұл өнімдер қазіргі уақытта еліміздің бірнеше қалаларына сатылымға шығарылуда.

2480 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз