Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қараша, 2018

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында - Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Ерғазыұлы Рахимбетовтың  қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Бостандық ауданының аумағы 9 мың. 943, 2 гектар. Тұрғындардың саны – 336 481 адам.

Мемлекеттік кіріс: А.ж. қаңтар-қазан айлары аралығында мемлекеттік қазынаға салық төлемдерінен 298,4 млрд. теңге қаражат түсті. Оның ішінде 202,4 млрд. теңге мемлекеттік бюджет, 96,5 млрд. теңге жергілікті бюджет.

Қазіргі таңда аудан аумағында 10 астам ірі және орта өндірістік кәсіпорындар жұмыс істейді. 2018 жылдың 10 ай ішінде өндірістік өнім көлемі 67,1 млрд. теңгені құраса, жеке индекс көлемі 103,5% жетті.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 145,1 млрд. теңге. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 28,7 млрд. теңгеге өсім байқалады.

Бөлшек сауда айналымы 323,3 млрд. теңгеге жетсе, көтерме сауда айналымы 1524,8 млрд. теңгені құрады.

Бүгінгі таңда ауданда 28 204 кәсіпорындар тіркелген болса, олардың тек 14 933 тұрақты жұмыс істеуде.

«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандағы 8 кәсіпорында 4,7 млрд. теңгенің жобалары іске асырылып жатыр. Оның ішінде 833,3 млн. теңге субсидия есебінен бөлінген.

2015-20109 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті қолдау аймақтық картасына жалпы сомасы 2,5 млрд. теңге қаражатты құрайтын 4 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 198 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жалпы самосы 534 887 000 теңгені құрайтын 34 микрокредит ұсынылды. 4 жоба мақұлданды.

Есептік кезең барысында 3741 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Аудандық Ішкі істер басқармасымен бірлесіп рұқсат етілмеген жерде саудамен айналысқаны үшін 1079 хаттама толтырылып, 166 заңсыз дүңгіршектер бұзылды.

Аудан аумағында барлығы 1 770 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оларға «Алматы жылау жүйесі», «Алматы су», «РЭС-2», «РЭС-5», «АЖК» және 120 пик қызмет көрсетеді.

2018 жылдың 10 айында 231 144 м2 тұрғын үй пайдалануға берілді: 144 646 м2 – көпқабатты тұрғын үй, 86 498 м2 – жеке тұрғын үйлер. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 38 308,3 млрд. теңге.

Тұрғын-үй қорын дұрыс күтіп ұстау мақсатында ауданда орналасқан 130 аулаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биыл ұзындығы 34,7 км 40 көшеге асфальт жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қылмыс санының төмендегені байқалады. Есептік кезеңде жалпы саны 7868 қылмыс тіркелсе, былтыр бұл көрсеткіш 8204 болатын.

«Қарттар айлығы» аясында 4230 зейнеткер қамтылды. «Мектепке жол» акциясы аясында 1471 бала қамтылып, 19 млн. 448 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Жұмыссыздық деңгейі – 5,3 %. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаумен 2977 адам қамтылып, оның 2124 жұмыспен қамтылды.

935 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз