Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Қаңтар, 2019

Қоғам белсенділері мәселе көтерді

Алматыда Азаматтық орталықтың конференция залында еліміздің түрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарында діни ағымдардың кітаптары мен өзге де материалдарының таратылуына орай БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихаты өтті. Бұл мәселеге  ұйтқы болып отырған қоғам белсендісі Гөзел Құлжабаева. Оның айтуынша: "Білім беру мекемесіне ешкім кіріп, оқушыларға сыйлық тарата алмайды. Ал «Қазақ-Герман-Американдық библия мисиясы» қоғамдық бірлестігі Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектептің жанындағы интернатпен демеушілікті сылтау етіп, ерекше байланыс орнатқан сияқты. Мәселен, олар биыл христиандық-протестанттық діни ағым саналатын баптистердің орыс тіліндегі «Библия» кітабы мен өзге діни материалдарын балаларға сыйлық ретінде таратқан. Ал былтыр олар мұндағы 120 балаға оның қазақ тіліндегі нұсқасын берген көрінеді. Алайда облыстық, аудандық әкімдіктер мен оның білім бөлімінің басшылары бұл жағдайдан осы уақытқа дейін хабарсыз болып келгені енді ғана мәлім болып отыр",-дейді. Қоғам белсендісінің айтуынша, Қырбалтабайдағы бұл интернатпен 1997 жылдан бері қарым-қатынас орнатқан бұл «жомарт» жандардың республиканы былай қойғанда облыс пен аудандардағы өзге білім беру ұйымдарымен де байланыс орнатуы әбден мүмкін. Ендеше оларда да мұндай жағдайдың орын алмағанына ешкім де кепілдік бере алмайды. Сол себепті бұл мәселеге бүкіл жұртшылық болып үн қосып, діни ағымдардың жас ұрпақтың санасын улауына тосқауыл қоюмыз қажет. Мәселен, бір ғана Еңбекшіқазақ ауданындағы мемлекеттік 85 мектептегі оқушылар контингетінің саны – 47 462. Оның төртеуі бастауыш, 8-і негізгі, 73-і орта мектеп. Олардың 33-і қазақ, 47-сі аралас мектеп.  Гүлғайша САБИТОВА, зейнеткер ұстаз: -Мектепте 40 жыл, мектеп-интернатта 10 жыл істеген тәжірибем бар. Сондықтан мектеп-интернаттың тыныс-тіршілігімен толық таныспын. Өйткені мектеп-интеренатқа алыстағы малшылардың, ауылында мектебі жоқ және оқуға мүмкіндігі болмаған балалар келеді. Біз оның екінші ата-анасы болып есептелеміз. Оның тәлім-тәрбиесі, білімі, оның жан-жақты өсуіне де жауап береміз. Сондықтан ол кезде дін туралы көп әңгіме бола беремейтін. Біз оларға қалай жүріп-тұруы керек, мәдениетті болу, ата-ананы сыйлау, қадірелу, білім алу мәселелеріне көңіл бөлетін едік. Мен діндар адам емеспін. Дін туралы толық ақпарат та бере алмаймын. Көшеде тегін діни әдебиеттерді таратып жүретіндерді жиі кездестіремін. Бірақ, алудан бас тарамын. Ал мектепте енді әріп танып жатқан оқушыға, кітаптың сырты жақсы болса, ала салады. Олар діни кітап па, басқа ма ажыратып, талқыламайды. Тегін бергеннен кейін алады. Сіздер көтеріп отырған мәселе осындайдан туындап отыр. Бұл мәселені бірлесіп, талқылағанымыз жөн. Гөзел Құлжабаева,  «Гүлстан» ЖШС-нің құрылтайшысы:  -Жаңа жылдың тұсында бір мойынорағыш пен бір шұлықп баланың тұрманың түгендей ме? Бала біздің болашағымыз. Дұрыс тәрбиелеуіміз керек. Ал сол балаларымызға әр түрлі ағымдар келіп, үгіт-насихат жасай берсе біздің болашағымыз қандай болмақ? Мен ешқандай дінге қарсылығым жоқ Мен ешкімге шешім айта алмаймын. Бірақ, 120 бала менің балам сияқты. Ертең менің балам сол балалармен араласады. Мен бұл мәселені көтеруді - азаматтық борышым деп есептеймін. Яғни, қоғамдағы болып жатқан іс-әрекетке бей-жай қарағым келмейді. Кәкімжан БИШМАНОВ, «Қазақстан Республикасындағы терроризм мен экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының президенті: -20 жылдан астам уақыт бойы дін мәселесін зерттедім. Дін сондай-қыл-көпір сияқты. Мәселені, дұрыс, жан-жақты талқылап, анықтау керек. Бірақ, оқу орындарында дін мәселесі бойынша қандай да бір саясат жүргізуге заң бойынша құқық жоқ. Яғни, бала өскеннен кейін  дінді таңдай ма, таңдамай ма өзі шешеді. Сіздер көтеріп отырған жерде діннің тікелей қатысы жоқ, діни қоғамдық қордың жасап отырған жұмысынан туып отырған дау. Сондықтан, сол қормен мәселені анықтау керек. Ал «Қазақ-Герман-Американдық библия мисиясы» қоғамдық бірлестігі  президенті Алексей Лубошников мектеп-интернатқа жыл сайын Рождество алдында сыйлық беретіндерін айтқан. Бұл туралы  zanmedia.kz тілшісінің "Қырбалтабайға "Библия" көктен түсті ме?" атты мақаласында пікір келтірілген. Мақалада журналист: "Биыл да 85 балаға сыйлық беріп қуантқан. Тек Алексей Викторұлы сыйлық қорабынан Библия кітабының қалай шыққанын түсіндіріп бере алмады. «Қорапқа Библияның сыюы мүмкін емес» деп ақталды ол. Тіпті, бұл арандатушылардың әрекеті болуы мүмкін деген күдігін де жасырмады",-деп жазады.   Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ (суреттерді түсірген автор)  

3474 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз