Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Ақпан, 2019

«Dombyra» телеарнасы іске қосылады

Қазақтың киесі мен қасиетіне айналған ұлттық аспап - домбырамен аттас жаңа телеарна 25 ақпаннан бастап көрерменге жол тартады. Онда халқымыздың ән-күйлері, төл музыкалық аспаптары мен мол мәдени мұрасы кеңінен насихатталып, телеарна тәулік бойы қазақ тілінде бағдарламалар таратады.

21 ақпан күні Алматы қаласындағы Қазақстан Баспасөз клубында  «Dombyra» телеарнасының ашылуына байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Zhuldyz TV Media құрылтайшысы Смайл Жаңылбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Секен Тұрысбеков, Рамазан Стамғазиев, Айгүл Үлкенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұқасан Шахзадаев және «Dombyra» телеарнасының директоры Қанат Ержігітов қатысты.

«Елбасымыз былтыр 1-шілдені домбыра күні деп жариялады. Соның аясында осы арнаны ашып жатырмыз. Материалдар өте аз. Тың дүниелер жоқ. Бір жарым, екі ай бұрын Алматы, Астана қалаларында түсірілім жұмыстарын бастадық. «Dombyra» телеарнасы Отау ТВ, «IDТV»,  YOUTUBE және әлеуметтік желілер арқылы таратылады», - деді Қанат Ержігітов.

Қазақтың қара домбырасына деген ерекше ықылас ауып, бұндай бастамалар қолға алынып жатқанына күйші, композитор Секен Тұрысбеков те риза екенін жеткізді:  «Көңіл қуанарлық үлкен шара. Әуезовтың айтатыны бар еді: «Қазақтың қасиеті мен ұяты тек күйінде ғана қалды» деп. Бұл деген өзге өнерге деген қарсылығым емес. Кейде даңғаза музыканың жаулап бара жатқандығы жаныңды ауыртады. Әрбір қазақтың төрінде домбыра тұрып, әр уақытта қазақтың күйі, әуені орындалып жатса жаман болмас еді, - деп өзінің тілегін жеткізді.

Өскелең ұрпаққа күй мен жырды, терме мен халық әндерін, яғни ұлттық әуенді жаңартылған форматта, сапалы түрде жеткізуді мақсат еткен телеарнаның ісіне сәттілік дейміз!

Толығырақ, бейнематериалда.

Гауһар Түстікбаева,

Бейнематериалды әзірлеген: Әлихан Жанарбек.

 

1209 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала «СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРІ ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУІ
Келесі мақала Алматының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *