Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 13 Наурыз, 2019

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Атырау облысына қызметтік іссапармен келді

Гүлшара Әбдіхалықова бірқатар әлеуметтік нысандарға барады, облыс тұрғындарымен кездеседі және кәсіпкерлермен қызметтік кездесу өткізеді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.  12 наурыз күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова қызметтік іссапармен Атырау облысына келді. Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңір тұрғындарымен кездесу өткізді. Вице-премьер тұрғындарға Қазақстанда әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтты. Гүлшара Әбдіхалықова халықтың әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру, сондай-ақ, АӘК көлемін арттыру және көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар туралы әңгімеледі. - Қазақстан дамудың жаңа дәуірін бастады, онда басты назар қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік саланы - білім беруді, денсаулық сақтауды, тұрғын үй бағдарламаларын дамытуға бағытталатын болады, - деді Гүлшара Әбдіхалықова. Сонымен қатар, жиында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Білім министрі Күләш Шамшидинова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, МИИР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы Каир Рыскелдинов мәлімдеме жасады. - Әлеуметтік реформалар аясында әр отбасының құрамы мен байлығы туралы мәліметтер енгізілетін арнайы әлеуметтік карталар жасалатын болады. Мұнда олар қажет ететін қолдау шаралары пайда болады. Көп балалы аналарға келетін болсақ, біз оларға жаңа өмір бастап, өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік беретін сертификаттар береміз, - деді ҚР Еңбек және әлеуметтік даму министрі Бердібек Сапарбаев. Білім беру министрі Күләш Шәмшидинованың айтуынша, білім беру саласында мұғалімдер мен оқытушыларға жалақы төлеу, сондай-ақ, инфрақұрылымды дамыту, жаңа мектептер салу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Атырау облысының тұрғындары әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан реформалар туралы толық түсініктеме алды және сұрақтар қойды.

437 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Атырауда Жайық өзенінен күн сайын сынама алынады
Келесі мақала МАҚТААРАЛДА ТРАКТОРДЫҢ ТІРКЕМЕЛЕРІН ЖАСАЙТЫН ШАҒЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *