Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Наурыз, 2019

Ғалымжан Қойшыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. "Үкімет қаулысымен Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлы премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ғалымжан Тельманұлы көп жылдар бойы Президент Әкімшілігінде, сондай-ақ, сыртқы істер министрлігі жүйесінде - елші және министрдің орынбасары болып жұмыс істеді", - деді Асқар Мамин үкімет отырысында. Еске салайық, Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Дереккөз: tengrinews.kz

1843 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз