Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Мамыр, 2019

Алматыда Жеңіс күні тойланып жатыр

Алматыда Жеңіс күні тойлануда. Негізгі іс-шаралар дәстүрлі түрде күндіз 28 панфиловшы атындағы саябақта, кешке «Астана» алаңында өтеді. Таңертеңнен шаһар тұрғындары Мәңгі алауға гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлер рухына тағзым етуге 28 панфиловшы атындағы саябаққа жиналып жатыр. Миллиондаған адамның ғұмырын қиған осынау зұлмат соғыс қасіретінен тыс қалған Алматыда бірде бір отбасы жоқ.

Саябақта әскери патриоттық әндер концерті өткізілетін сахна орнатылған, әскери техника көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ресми тұлғалар, соғыс ардагерлері және әскери оркестрдің қатысуымен өтетін Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтеді. Кешке «Астана» алаңында мерекелік концерт өтеді.

Алматылықтар белгілі қазақстандық әртістердің орындауында соғыс әндерін тыңдай алады. Жеңіс күнін мерекелеу дәстүрлі отшашумен аяқталады.

 

     

42104 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз