Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 24 Мамыр, 2019

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮЗДІК ЖАС ТҮЛЕКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбев халықаралық, республикалық ғылыми жоба жарыстары мен пән олимпиадаларында және өнер, спорт жарыстарында үздік көрсеткіштер көрсеткен өңірдегі үздік 40 оқушымен кездесті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Басқосу барысында облыс әкімінің орынбасары жас түлектерді құттықтап,  облыс мерейін асырған талапты түлектерге және оның білікті ұстаздарына алғысын жеткізді.

«Үлкен өмірге басқан қадамдарыңыз құтты болсын! Алда өтетін емтиханнан сәтті өтіп, таңдаған мамандықтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарына түсулеріңізге тілектеспін. Жастар, сіздердің алар асуларыңыз, шығар биіктеріңіз әлі алда! Сіздерді осындай дәрежеге жеткізген ата-аналарыңызға, ұстаздарыңызға үлкен алғысымды  айтамын. Біз сіздермен әрдайым мақтанамыз! Болашақта елге қызмет ететін абыройлы  азамат болуларыңызды жазсын», – деді Мәлік Нұржанұлы.

Өз кезегiнде, түлектер өз ризашылығын бiлдiрiп, өз жетiстiктерi, алдағы жоспарлары туралы айтты. Сонымен қатар, үздік жас түлектер дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, 2018-2019 оқу жылында түркістандық оқушылар дүбірлі додалардан 14 алтын, 25 күміс, 42 қола медаль олжалаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  34 медальға артық. Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауының  қорытындысы бойынша Түркістан облысының құрамасы  ең үздік командалардың бірі болып танылды.

438 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Орманды қорғау-қастерлі парыз
Келесі мақала СОЗАҚТАҒЫ ҚЫЗЫЛКӨЛ АЙМАҒЫ ДЕМАЛЫС ОРНЫНА АЙНАЛАДЫ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *