Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Мамыр, 2019

Головкин: Канелоны мен жеңем!

Екінші орта салмақта WBA (Super) чемпионы және Бүкіләлемдік бокс суперсериясы (WBSS) бірінші маусымының жеңімпазы Каллум Смит (25-0, 18 КО) ұйымның "регуляр" белбеуіне ие мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) жекпе-жек өткізуді шындап қолға алмақ. Боксшының сөзін BoxingScene.com порталы келтіріп отыр. 1 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Смит чемпиондығын қорғап, франция-камерундық боксшы Хассан Н'Дам Н'Жикаммен (37-3, 21 КО) жекпе-жек өткізеді. Британиялықтың сөзінше, ол бұл кездесуде өзін тамаша көрсетіп, "Канеломен" жұдырықтасу мүмкіндігін алмақ. "Альварес менің атымды атады, бұған дұрыс жауап беруім керек. Адамдар жұдырықтасқанымызды көргісі келеді. "Канелоны" жеңетін боксшы мен болармын. Алдағы демалыста өзімнің мықтылығымды көрсетпесем, бұл үмітім жоғалады. Madison Square Garden - өзгеше орын. Бұл аренада титулымды алғаш рет қорғаймын. Бұл тарихи ғимарат. Гроувзбен жекпе-жекте де мені жеңіледі деген. Оған қарсылас бола алмайтынымды айтқан. Үлкен қысым көрдім. Бірақ ол кезден бері көп дүние өзгерді, қазір адамдар маған үміт артады. Маған бұндайға әлі де үйрену керек. Айналамда үнемі шу. Гроувзды жеңуім жақсы жақтарымды ашқан сияқты. Қазір мен басқа боксшымын", - дейді Смит. Смиттан бөлек қыркүекте "Канеломен" қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) де жұдырықтасқысы келеді. Сонымен қоса, екінші орта салмақта IBF чемпионы америкалық Эррол Спенс те (25-0, 21 KO) қызығушылық білдірді. Дереккөз: vesti.kz

924 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз