Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Маусым, 2019

Шымкенттегі жарылыс: Бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

Шымкентте газ құю бекетінде болған жарылыс салдарынан мекеменің қызметшісі зардап шекті, қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 11.00 шамасында қалалық жедел жәрдем станциясына өрт туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына үш медицина бригадасы жіберілді. Тек бір адамды ауруханаға жеткізілген. "Оны күйік шалғандар орталығына - Орынбаев атындағы облыстық гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді. Әзірге зардап шеккен адамның қаншалықты күйіп қалғаны белгісіз. Оның жағдайы тым ауыр, жан сақтау жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері.  Орталықтың өкілдері зардап шегушінің денесінің 100 пайызы күйіп қалғанын жеткізді.  Осыған дейін өрт салдарынан 1999 жылғы Ерлан Анар зардап шеккені туралы хабарланды.  Шымкент полициясы осы дерекке қатысты тергеу шараларын бастады. Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы ("Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу") бойынша жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.  Желіде Шымкент қаласының маңында болған жарылыстың видеолары жарияланды Өрт 11.03-де Тассай шағын ауданындағы газ қоймасында басталды. Оtyrar.kz мәліметінше, жарылыс қаупіне байланысты шақыру бойынша арнайы күштер мен құралдар жіберілген. 11.20-да өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Дереккөз: tengrinews.kz

1479 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз