Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Шілде, 2019

Өз ауылыммен мақтанамын

Әр адам өз туған жерінің тау-тасымен ғана емес, осы топырақтан шыққан батырларымен, спорт, өнер жұлдыздарымен де мақтанады. Біздің ауылды қазір бүкіл Қазақстан біледі десем, артық айтқандық емес. Ауылымыздың атын көпшілікке танытқан Абзал Ералиев деген азаматымыз.  Бүгінде Нағи Ілиясов ауылы еліміздің басқа аймақтарына үлгі.

Қызылорда облысындағы Нағи Ілиясов ауылы да бір кездері тоқырауды басынан кешірді.  Тәуелсіздік тұсында мемлекетіміз іргесін бекітуге біраз уақт кеткені рас. Міне, сол тұста ауылдарымыз кісі аярлық күй кешті. Алайда бұл жағдай көпке созылмады. Өйткені өз туған жерін қастерлейтін азаматтар өз топырағын түлетуге бар күшін салды. Солардың бірі – Абзал Ералиев. Кәсіпкерлікті дөңгелетіп, қыруар қаржы тауып қана қоймай, Абзал ағамыз өзі шыққан ауылын көркейтуге жұмсады. Туған жеріне ерен еңбек сіңірген Абзал аға ауылымызға көркіне көз тоймастай, көк күмбезді мешіт салдыып берді. Ауылымыздың тазалығы мен мәдениетін ұштастырған кәсіпкер азаматымыз ойдым шұңқыр жолдарты тақтайдай тегіс етіп, жаңалап берді. Сырт адам ауыл келбетіне көз тоймай қарайтыны сөзсіз. Үлкен етіп орнатылған билбордта ел мақтан ететін ерлердің суреті мен есімі жазылған. Осы азаматтардың қатарында тәуелсіз елдің Еңбек Ері Абзал Ералиев те бар.

Өзгелерге айтсақ, сене қоймас, әйтсе де, Қызылорданың желі мен аптап ыстығында ауылын гүлге көмкеріп отырған ауыл – біздің ауылымыз. Яғни, Нағи Ілиясов ауылында көгалдандыру жұмысы да қарқынды жүргізіліп, гүлге оранып тұр. Орталықтағы және  көше бойын­дағы гүлдер, уақыт өлшемін бағам­дап тұрған үлкен сағат, субұрқақ­тар, бәрі-бәрі керемет. Шалғай ауылда емес, қала орталығында жүргендей сезінесің өзіңді. Ауылымызда жаңа спорт кешені бар. Осы спорт кешені ауылымыздың үлкен-кішісі үшін ең игі ғимараттың бірі. Түрлі спорт үйірмелері мен жастар арасындағы спорттық жарыстар өткізіліп тұрады. Спорт кешенінің сыртындағы стадион 1000 орынға арналған. Стадионда көрер­мендер үшін де, ойыншылар үшін де барлық жағдай жасалған. Қонақтар үшін ойынды тамашалауға  балконнан көруге де жағдай жасалған. Спорт кешенінің ішінде спорт зал, жаттығу залы бар. Жуыну бөлмесі, киіну бөлмесі бәрі-бәрі де толы­ғымен жабдықталған. Спорт кешенінде ауыл тұрғындары ғана емес, көрші ауыл, аудандардан да жарыстарға арнайы келетіндер бар. Спорт кешенінде спорттың бірнеше түрлері бойынша, атап айтқанда дзю-до, қазақша күрес, таэквондо, стол теннисі, футболдан жаттығу өтеді. Бұл спорт кеше­нінің салынуы жеке кәсіпкер мен мемлекеттік әріптестік негізінде жүзеге асқан. Спорт кешенінің жалпы құны 380 млн. теңгені құра­са, 200 млн. теңге қаражаты «Абзал и К» толық серіктестігіне тиесілі. Ауылымыздың басты жаңалығының бірі –  «Тағзым» алаңы.  Бұл алаңды да заманауи талапқа сай жаңартып, ел игілігі үшін жасаған Абзал Ералиев ағамыз. Мемлекет қаржы­сына қайта жөндеуден өткен «Тағзым» алаңын жөндеуге мер­дігер болған «Абзал иК» компа­ния­сы. Ұлы Отан соғысы жылда­рын­да ерлігімен Отан қорғаған ауылдан шыққан батыр есімдері алтын әріппен жазылып, алаңға баласын Отан қорғауға шығарып салған ана мен баланың ескерткіші қойылды. Бұл алаң алдыңғы буын ұрпақтың басынан өткен сұм жылдарды ұмыттырмауға, жас ұрпақтың өткен тарихатн сабақ алуына үлкен ықпал етері сөзсіз.  Мұнан басқа Абзал ағамыздың қолдауымен көптеген мәдени ошақтар қалпына келтіріліп, ауылымыздың ажары ашыла түскенін айтуға болады. Әрбір қазақ баласы осы Абзал Ералиев секілді туған жеріне туын тіксе, туған жерін көркейтуге осылай үлес қосса, Қазақстанның барлық ауылы гүлденер еді. Ауыл халқы қалаға қарай көшпес еді деп ойлаймын.

Дарын Салмырзаев.

Бұл мақала Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының

«Туған жер» гранттық жобасы аясында жазылды.

 

1410 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз