Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 22 Тамыз, 2019

Астана әкімі Алтай Көлгінов қала көшелерін су басу мәселесін шешпек

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов жауын-шашын кездері қала көшелерін су басу мәселесімен айналысып жатқанын айтты. Бұл туралы елорда басшысы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі.

«Бүгінгі жауын-шашын салдарынан қаланың кейбір көшелерін су басып, жауын суы, канализациясының жоқтығы өзекті мәселе екенін тағы бір көрсетті.  Бұл мәселені жүйелі шешу үшін тиісті жоба жасақталуда. Әсіресе Б.Момышұлы, А.Иманов көшелері мен Тұран даңғылына су көп жиналатындықтан, жұмыстарды осы орындардан бастайтын боламыз»,-деп жазады А.Көлгінов. Сонымен қатар ол қаланың тағы бірқатар орындарындағы осы проблемаларды шешу мақсатында жасалып жатқан жобалық-сметалық құжаттамалар аяқталуға жақын екендігін айтты.

 

633 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз