Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 22 Тамыз, 2019

«Берекелі Баспана» бағдарламасы бойынша пәтер кілтін кезекте тұрған 298 адам алды

Конституция күні қарсаңында «Берекелі Баспана» тұрғын үй бағдарламасы аясында елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен кезекте тұрған адамдарға пәтерлердің кілттерін табыстады, деп хабарлайды kazgazeta.kz «Нұр-Сұлтан» әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы бақытты пәтер иелері Р.Қошқарбаев даңғылы, 80/1 және Лепсі, 42/1 үй мекен-жайы бойынша орналасқан пәтерлеріне көшті. Үйлер сатып алу құқығысыз жалдамалы баспана беруді қарастыратын «Берекелі Баспана» тұрғын үй бағдарламасы аясында қала әкімдігінің тапсырысы бойынша салынды. Пәтер кілттерін табыстау рәсімінде қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгін барлығы үшін керемет мереке! Елордада баспана алу - ерекше қуаныш. Көбісі армандаған тұрғын үйді 10 жылдан астам уақыт күтті. «Берекелі Баспана» бағдарламасынан өткендердің барлығына бұл мемлекет тарапынан жасалған жақсы қолдау. Егер сіз бұрын бюджеттің көп бөлігін жеке тұрғын үйді жалдауға жұмсасаңыз, енді үнемделген ақшаны арманыңызға жұмсай аласыз, өйткені бұл үйде жалдау бағасы айына 5000-нан 10000 теңгеге дейін болады», - деді ол пәтер қожайындарына.

Олармен бірге әкім орынбасары жаңа пәтерлерді қарап шықты. Кезекте тұрғандардың арасында «көп балалы отбасылар» санатындағыларға 150 пәтер, «халықтың әлеуметтік әлсіз топтары» санатына кіретіндерге - 148 үлестірілді. Еске салсақ, 2019 жылдың 6 тамызынан 12 тамызына дейін елорданың Тұрғын үй қоры өзінің ресми интернет-ресурстарында тұрғын үй кезегіне қатысуға ниет білдірген азаматтардан осы бағдарлама бойынша құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлама орналастырды. Өтініш берушілердің арасында таңдау кезекке қойылған күніне қарап жасалды.

1247 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз