Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 12 Қыркүйек, 2019

Нұр-Сұлтанда Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы өтуде

Нұр-Сұлтанда Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы өтіп жатыр. Шараны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұйымдастырды.  Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан  форумға Германия, АҚШ, Жапония, Италия, Чехия, Ресей, Қытай секілді мемлекеттерің өкілдері қатысады, - деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы қатысушыларына құттықтау хат жолдады.

«Қазіргі уақытта машина жасау саласы, қосалқы бөлшектер мен құраушылар өндірісінен бастап, өнімнің түпкі түрлерін жасауға көшті: заманауи тепловоздар, электровоздар, жолаушылар және жүк вагондары, астық жинаушы комбайндар, автобустар, жүк және жеңіл автокөліктер, транформаторлар мен басқа да күрделі жабдықтар. Бұл сала әлемдік экономикалық ахуалға сәтті бейімделген және Қазақстанның өндірістік дамуының жарқын мысалы. ХХІ ғасыр төртінші өнеркәсіптік революцияның бастауымен ерекшеленеді. Машина жасау Қазақстанның жетекші салаларының бірі ретінде жаһандық үдерістерімен үзеңгілес жүретініне менің сенімім мол. Қазақстан машина жасаушыларының VII форумының қатысушыларына жемісті еңбек және алға қойған мақсаттарына қол жеткізуде жетістіктер тілеймін», - делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында. Президенттің хатын көпшілікке Мәулен Әшімбаев оқып берді.

790 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз