Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қыркүйек, 2019

Телемедицинаны дамыту маңызды

«Nur Otan» партиясы Фракциясының мүшелері К. Мұсырман, М. Айсина, З. Балиева, А. Қожахметов  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б. М. Сапарбаевқа телемедицина саласын дамыту бойынша депутаттық сауал жолдады. Денсаулық сақтау саласының мамандары аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орынды еншілеген, кең байтақ Қазақстан үшін де телемедицинаны дамыту маңызды деп санайды. Өйткені, шалғайдағы ауылдардың тұрғындарына уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсету қиынға соғып отыр. 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында да Ұлттық телемедицина желісін кеңейту көзделген. Осы орайда қазіргі уақытта «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес денсаулық сақтау саласында еліміздің әрбір азаматына арналған электрондық денсаулық паспортын енгізу, бірыңғай деректер базасын құру, қағазсыз денсаулық сақтауға көшу сияқты игі істер қолғаалынып жатқандығы мәлім. Алайда, елімізде телемедицинаны дамытуға онша көңіл бөлініп отырған жоқ. Соңғы үш жылда облыстық ауруханалар мен республикалық клиникалардың телемедициналық орталықтары 72400 телемедициналық консультация өткізген. Алайда кейінгі кезде осындай консультациялар санының азая бастағандығы байқалады. Мұның себебі денсаулық сақтау ұйымдарына 2004-2011 жылдар аралығында республикалық бюджет қаржысы есебінен сатып алынып, орнатылған телемедициналық жабдықтардың әбден тозғандығында. Олар жөндеуге келмейді. Сондай-ақ телемедицинаның дамуына орай пациенттердің өздерінің рұқсатымен ғана ашылатын дербес деректерінің жабықтығын қамтамасыз ету мәселесі де туындап отыр. Жоғарыда баяндалған жайлардың негізінде Сіздің қарауыңызға мынадай ұсыныстарды енгіземіз:
  1. Қазақстанның жағдайында телемедицинаны дамытудың тиімділігін нақты анықтау мақсатында талдамалық зерттеу жүргізу қажет. Оның қорытындысы оң болған жағдайда:
а) телемедицинаның қазіргі заманғы жоғарытехнологиялық жүйесін енгізудің бірыңғай мемлекеттік бағдарламасын жасау мәселесін қарастырған жөн; б) орталық және жергілікті атқарушы органдарға денсаулық сақтау ұйымдарының баланстарындағы телемедициналық жабдықтарды жаңартуүшін қаржы көздерін қарастыруды тапсыру керек. Бұл ретте ынтымақтастықтың мемлекеттік-жекешелік әріптестік, инвестициялық жобалар және мемлекеттік тапсырыс сияқты модельдерін қолдану ұсынылады; в) телемедицина жабдықтары орнатылған денсаулық сақтау ұйымдарындағы Интернет байланысы арналарының өткізу қабілетін арттыру шараларын қолдану қажет;
  1. Денсаулық сақтауды цифрландыру процесінде, соның ішінде телемедицинаны қолдану барысында туындаған пациенттердің дербес деректерінің жабықтығын қамтамасыз ету мақсатында блокчейн-технологияларды енгізуді және тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуді жеделдеткен жөн.
 

2169 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз