Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 27 Қыркүйек, 2019

Әлемнің үздік мектептері

Әдетте шет ел фильмдерінде қымбат әрі көз тартарлық ғимараттары бар білім ордаларын көреміз. Енді сондай мектептердегі білім беру деңгейін көрейік. Назарларыңызға үздік мектептердің топ-тізімін ұсынамыз.

Ле Рози Ролл мектебі, Швейцария

Көне білім ордасы 1880 жылы құрылды. Ұзақ жылдар бойы бұл мектепке тек ұл балаларды қабылдайтын болған. Ал 60 жылдардың ортасынан бастап қыз балалар да қабылдана бастады. Оқушылар мұнда көл жағасында орналасқан сарайда тұрады.  Балалар үшін компьютер, театр, спорт залдары мен алаңқайлар, футбол алаңы және регби қарастырылған. Мұның барлығы мектептің жер телімінде қоныс тепкен. Ле Рози Роллды патшалық мектеп деп те атайды. Өйткені дәл осы мектепте патшалық әулеттің бекзадалары білім алған.

Қыс мезгілінде мектеп Гшаад қаласындағы резиденцияға қоныс аударады.  Мұндағы білім мекемесі де жоғары стандарттар мен талаптарға сәйкес келеді. Балаларға білім алып, спортпен шұғылдануға және қиын да күрделі сабақтардан кейін демалуға қажетті оқу құралдары қолжетімді. Бірақ осындай игіліктері бар білім мекемесін  шипажаймен салыстыру – қателік. «Жұлдызды» тұлғалардың балалары білім алатын «қымбат» оқу ордасында қатаң тәртіп орнатылған.

Итон колледжі, Ұлыбритания

Танымал Итон колледжі түлектеріне шоу-бизнес пен саясаткерлер әлеміне жолдама беріледі. Оқу орны сонау 1440 жылы ашылған. Ол Біріккен патшалық аумағынан басқа, дүниежүзіне аса танымал. Бастапқыда колледж Англияның танымал тұлғаларының ұлдары үшін салынған болатын. Колледж  қатал талаптарымен  ерекшеленетін. Сабақтар таңғы сағат алтыда басталатын болған. Бес ғасырда колледж айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, қазір онда мыңға жуық оқушы бар. Кезіндегі суық бөлмелерді заманауи жабдықталған білім залдары ауыстырғанымен, бұрынғы қатал тәртіп сол күйі қалырылған. Сабақтар күні бойы оқытылады.  Итон әлемдегі ең танымал мектеп болып саналады. Оның танымал түлектері саясат пен әдебиетте өзіндік ізін қалдырып, тарихта аттары алтын әріптермен жазылды. Мектеп білімімен ғана емес, спорттық жеңістерімен де  мақтана алады. Итонда тек ұлдар ғана білім алады. Әзірге қыздарды оқыту қарастырылмаған.

Бененден, Ұлыбритания

Бененден  тек қыздарды ғана оқытатын бірден-бір мектеп. Негізі  1929 жылы қаланды. Болашақ  ханымдар оқумен қатар, дипломатияны, атпен жүруді, балетті, нысана атуды да  меңгереді. Танымал дарама театрында актерлік шеберлік  дәрістері оқытылады. Оқу орнының аумағында түрлі шеберханалар мен қызығушылықтар бойынша курстар да жұмыс жасайды. Колледжі тәмамдаған нәзік жанды түлектер кез-келген салада жетістіктерге оңай  жетеді.

Дайындаған Үміт Жұмаділова

1170 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз