Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 04 Қазан, 2019

Шелек фермерлері жаңа органикалық егіншілік әдістерін игеруде

«Филип Моррис Қазақстан» компаниясының қолдауымен «Шелек фермерлері» жобасын іске асыратын Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қоры (ЖҚҚ) көкөніс шаруашылығында ғылыми және инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізудің жаңа мысалдарымен таныстырды. Кооператив фермелері пайдаланатын негізгі жаңалықтардың бірі – бұл пайдалы жәндіктерді зиянкестер санының табиғи реттеуіші ретінде пайдалану, сондай-ақ, жылыжайларда тек органикалық тыңайтқыштарды қолдану.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында атап өткендей: «Ауыл шаруашылығы біздің негізгі ресурсымыз, алайда, ол көп ретте толықтай пайдаланылмайды. Біздің ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнімдерді өндіруге айтарлықтай әлеуетіміз бар».

Мемлекет басшысы органикалық ауылшаруашылық өнімдеріне жайдан-жай көңіл аударған жоқ, себебі Қазақстан табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ, түпкілікті пайдалану өнімдерінің өндірістік циклға қайтарылуын қамтамасыз ететін «жасыл экономиканы» құруға бағдар алды. Органикалық егіншілік – бұл осындай экономиканың ажырамас бөлігі, Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қорының негізгі мақсаттарының бірі оны дамыту болып табылады.

ЖҚҚ Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты тығыз ынтымақтастық жасай бастады. Институт мамандары екі эксперименталды жылыжайда өсімдіктерді қорғаудың экологиялық тұрғыдан қауіпсіз биоәдістерді енгізді – энтомофагтарды кіргізді – бұлар зиянкестердің санын табиғи жолмен бақылайтын пайдалы жәндіктер. ҒЗИ қызметкерлері кооперативке апта сайын барып, тәжірибелі учаскеде көкөніс дақылдарын өсіру процесін қадағалайды.

Ж. Жиембаев атындағы ҚазӨҚжКҒЗИ пайдалы бунақаяқтылар зертханасының меңгерушісі Айжан Чадинова пайдалы жәндіктерді, яғни, энтомофагтарды арнайы әзірленген технология бойынша институт зертханаларында алдын ала өсіретінін түсіндірді. Зертхана қызметкерлері энтомофагтарды, соның ішінде жәндіктер мен кенелер сияқты жыртқыш және паразит бунақаяқтыларды селекциялау саласында зерттеу жүргізіп, өсімдіктердің жылыжай дақылдарының зиянкестерінен биологиялық қорғалуын қамтамасыз ету үшін энтомофагтарды жаппай өсіру технологиясын және оларды пайдалану әдістерін әзірлеумен айналысып жатыр.

«Қазір тәжрибелі учаскелерде органикалық егіншілікті игеруді жүргізіп жатырмыз. Бұл әдіс-тәсілдің жақсы нәтижелерін көрудеміз, келесі жылы фермерлерімізге жылыжайларда осы әдістемелерді қолдануға кеңес беремін. Органикалық ауылшаруашылық өнімдердің дәм тазалығына және экологиялылығына ғана әсер етіп қоймайды, ол біздің туған жер мен ұрпағымыздың болашағына қосатын үлесіміз болып табылады», - деп атап өтті бағдарлама агрономы Павел Кавунов.

Суық мезгілде пайдалануға арналған күн сәулесі батареяларын тестілеу «жасыл экономикаға» өтудің тағы бір қадамы болды. Ауданда электр энергия іркілісінің салдарын болдырмау мақсатында, ЖҚҚ агробизнес орталықта күн сәулесі панельдерін орнатты. Қазіргі таңда экологиялық электр энергия көзінің сынағы басталды, оның нәтижелері бойынша Алматы облысында осындай панельдерді орнату пайдалылығының есептеуі жүргізіліп, фермерлерге арналған ұсынымдар әзірленетін болады.

«Шелек фермерлері» жобасы іске асырылатын «Ауыл өңірлерін дамыту» бағдарламасының концепциясы дәннен өнімдерді өткізуге дейінгі бүкіл жолды фермерлермен бірге өтуге негізделген. Қазіргі маусымға дейін, көкөністерді сақтау мәселесі кооператив фермерлерінің әлсіз тұсы болып келді. Фермерлер өнімдерді сақтаумен мүлде айналыспаған, жинаған соң, оларды бірден сауда нүктелерін жеткізген. Пайдаланушыларға балғын өнімдерді жазда ғана емес, басқа маусымдар да алу маңызды, сондықтан, агробизнес орталық аумағында замануи эксперименталды көкөніс қоймасы салынды. Фермерлер оны жаз бойы пайдаланып, енді көкөніс қоймасын суық мезгілде барынша дұрыс пайдалануды ойластырып жатыр. Сонда өңірде аса танымал жартылай ащы бұрыш сақталады деп жоспарлануда, кейін оны күздің соңында сатуға болады.

Еңбекшіқазақ аудандық жергілікті қоғамдастықтар қорының директоры Бақытгүл Елшібаева былай деді: «Шелек фермерлері» ауылшаруашылық өндіріс кооперативі 6 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан «Ауыл өңірлерін дамыту» бағдарламасының арқасында бүгін айтарлықтай нәтижелерімен мақтана алады: көкөніс дақылдарының өнімділігі 20 және одан да көп пайызға өсті, бұл көкөністерді өсірудің жаңа технологияларын енгізу арқасында жүзеге асырылды, бағдарлама қатысушыларының көкөніс дақылдарды игеру алаңы 17-ден 42 гектарға дейін ұлғайды. Кооператив қатысушылары болып табылатын фермерлердің жетістіктері басқа фермерлерді ауылшаруашылық бизнесімен айналысуға ынталандырып, бүгінгі таңда фермерлерден кооперативке кіруге 40-тан астам өтінім келіп түсті».

Жоба «Филипп Моррис Қазақстан» компаниясының қолдауымен Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қоры тарапынан жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, бұл жоба мақсаттарына аграрлық секторды дамыту, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жақсарту және аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыру жатады.

Дәмеш Танашева.

1602 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз