Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Қазан, 2019

Ержан Максим «Junior Eurovision» халықаралық ән байқауына қатысады

Өзінің ерекше дауысымен тыңдармандарының жүрегін жаулаған 12 жасар жас өнерпаз Ержан Максим енді Польшада өтетін «Junior Eurovision»  халықаралық ән байқауына қатысып,  әлем жұртшылығының алдында тағы бір мәрте бақ сынайды.

Бұл жолғы оның үлкен сахнада орындайтын әні де өзгеше. «Арманнан қалма!» деп аталатын композиция жас әншінің мақсатқа жету жолындағы ішкі ынта-жігерін көрсеткендей.

Ержанның осы уақытқа дейінгі ән әлемінде жеткен жетістіктері аз емес.  Маусым айында талантты өрен елордада жеке концертін берді. Соңы үлкен дауға ұласқан Мәскеуде өткен «Голос. Дети» байқауында өнерлі қазақ баласына  тек отандастары ғана емес, Ресейдің танымал шоу-бизнес өкілдері де қолдау көрсеткен еді. Ол байқау Ержанның жігерін одан сайын қайрай түскенін айтады.

Баланың анасы Гүлмира Әлібек ән жазу, байқауға дайындық,клип түсіру жұмыстары оның білім алуына, мектепке баруына кедергі келтіргенін мойындайды. Дегенмен, балалығына қарамастан, елінің алдындағы жауапкершілікті кішкентай жүрегімен сезініп, тынбай еңбек етіп, намысқа тырысқан зор құлшынысы анасын қуантады.

«Junior Eurovision»  халықаралық ән байқауына Ержан Максимді ұсынған «Хабар» Агенттігі. Жас өнерпаздың табиғи талантына сенген ұжым ешқандай іріктеу өткізбестен бір ауыздан шешім қабылдап, үміткерді таңдады.

«Хабар» агенттігі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап байқауды ұйымдастыратын Еуропалық хабар тарату одағының қауымдасқан мүшесі болып табылады. Былтыр аталмыш байқауға еліміздің атынан Данэлия Төлешова қатысып, алтыншы орынға ие болған.

 Биылғы жылдың 24 қарашасында басталатын «Junior Eurovision»  жобасына Ержан Максим жолдама алып отыр. Байқаудың барлық кезеңі «Хабар» Агенттігінен көрсетілетін болады. Отандасымыздың сәттілік серігі болсын!

 

Гауһар Түстікбаева,

Бейнематериалды дайындаған: Әлихан Жанарбек

«Қазақ газеттері» серіктестігі

979 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала «Эйр Астана» өзінің алғашқы алыс магистральды Airbus A321LR лайнерін ұсынды
Келесі мақала Атырау облысында өткен аламан бәйгеде қызылордалық сәйгүлік жеңіске жетті

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *