Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Қараша, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Владимир Путинмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Омбыдағы екіжақты кездесу барысында мемлекеттер арасындағы қатынастарды дамытуда Өңіраралық ынтымақтастық форумдарын өткізудің маңыздылығын атап өтті. «Біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев пен сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында бұл механизм толықтай іске қосылып, өңіраралық форум аймақтық деңгейде өзара әрекеттесудің тиімді құралы ретінде өзін жақсы жағынан көрсетті. Біздің елдеріміздің өңірлері арасындағы тауар айналымы - жалпы сауданың 10 пайызынан асуының өзі өте маңызды. Бұл көрсеткіштің өсіп келе жатқанын да атап өту керек», - деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы өз сөзінде өндірістік кооперация мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықта үлкен жетістіктерге қол жеткізілгенін айтты. «Өз тарапымнан бұдан да жоғары нәтижеге жету үшін бар күшімді саламын. Өңіраралық ынтымақтастық форумы өте тиімді, жемісті, әрине, оны болашақта дамыту үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

1037 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз