Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Қараша, 2019

Алматының Даму стратегиясы қоғамдық талқылауға ұсынылды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын қоғамдық талқылауға ұсынды. «Құрметті достар, қаламыздың даму стратегиясын көпшіліктің талқысына ұсынамын. Тек алматылықтарды ғана емес, басқа да бейжай қарамайтын азаматтарды дұрыс сын-пікір білдіруге шақырамын», - деп жазды әкім Instagram-парақшасында. Стратегия мәтіні Almaty-2050.kz сайтында және қалалық газеттерде жарияланады. Тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін жолдай алады.  

462 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз