Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 06 Желтоқсан, 2019

Қазақстанда бие сүтімен майонез шығарылды

Қазақстанның тамақ өнеркәсібі көшбасшыларының бірі, танымал «3 желания», «Шедевр» және «Златые горы» брендтерінің өнімін өндіруші – Eurasian Foods Corporation (EFC) холдингі «Мерекелік Провансаль» атты бие сүтімен алғашқы қазақстандық майонезін шығарды.
Азық-түлік нарығындағы сұранысты едәуір дәрежеде қалыптастыратын тұтынушылардың талғамы десек, халық соңғы жылдары табиғи азық-түлікке қарай бет бұрды, ал Қазақстанда бие сүтінің  дәмі мен пайдалы қасиеттері ежелден бері бағаланған. Бие сүтінде адам ағзасына қажетті 40-қа жуық биологиялық компоненттер бар екені бұрыннан белгілі. Дәстүрлі қазақ ұлттық өнімдері, оның ішінде  қазіргі заманғы форматта шығарылған ерекше өнімдер бүгінде танымалдыққа ие. Eurasian Foods Corporation технологтары бие сүті қосылған майонезбен тұтынушыларды таң қалдыруды ойластырды. Eurasian Foods Corporation инновациялық технологиялық зертханасының басшысы Руслан Шілдебаевтың айтуынша, қазақ ұлттық ас үйінің дәстүрлерін әспеттейтін бірегей майонезді жасаудың шығармашылық процесі бір жылға жуық уақытты алған.
- «3 желания» бренді майонездері құрамында табиғи сүттің  болуымен әрдайым ерекшеленді. Майонездегі сүт өте маңызды ингредиент, кеңес дәуірінде осы компонент кіретін Провансаль рецептурасы әзірленді. Бұл қадам өнімнің биологиялық құндылығын арттыру мақсатында жасалды. Сонымен қатар, сүт «3 желания» майонезінің дәмдік сапасын жақсартады, оны жұмсақ және толыққанды етеді. «Мерекелік Провансальдағы» бие сүті басқа табиғи ингредиенттермен – жұмыртқа сарысы мен күнбағыс майымен керемет үйлеседі. Біздің жаңа өніміміз салаттарға қосу үшін, бірінші және екінші тағамдарға дәмдеуіш ретінде пайдалануға болады, - деп атап өтті Руслан Шілдебаев.
Бірегей өндірістік технологияның арқасында жаңа өнімде барлық пайдалы ингредиенттер сақталған. Майонез компанияның кәсіпорындарында дәстүрлі «ыстық» тәсілмен өндіріледі, оның негізінде пастерлеу процесі жатыр.
Кәсіпорынның даму стратегиясына сәйкес, Алматы зауыты бүгінде майонез, кетчуп, тұздықтар, дәмдеуіштер мен күнбағыс майын шығаруға маманданған. Нарықтың қажеттілігін қанағаттандыру және дайын өнім шығару көлемін ұлғайту үшін технологиялық және қосалқы жабдықтарды жаңғырту мен жаңарту және жаңа технологияларды енгізу тұрақты түрде жүзеге асырылады. Соңғы он жылда өндірісті дамытуға инвестиция көлемі $80,5 млн-нан асты. Бүгін 3 000-ға жуық адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін холдинг құрамына саланың екі ірі кәсіпорны – Алматыдағы Eurasian Foods Corporation АҚ және Қарағандыдағы Eurasian Foods АҚ зауыттары кіреді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша холдинг шығаратын өнім көлемі 140 000 тоннадан асты.

1477 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 2019 жылдың 11 айында қазақстандықтар 352 137 жаңа депозит ашты
Келесі мақала Жастар мәселесін шешу маңызды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *