Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 09 Желтоқсан, 2019

МАҚТААРАЛДА АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ЖАҢАДАН АНСАМБЛЬ ҚҰРДЫ

Мақтаарал ауданы "Мақтаарал" мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған концерттік кеш өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңадан құрылған "Қазақстан ардагері" атты вокалды инструментальды ансамблі тұсаукесер концертін "Ерлікке тағзым" деп атады.

Іс-шараға аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысты. Аудан басшысы жаңадан құрылған ансамбльдің мүшелерін құттықтап, Ауған соғысының зардаптары туралы сөз сөйледі.

"Адамзат үшін соғыс қаралы ұғым. Өйткені, қасіреті мен тауқыметі аяққа нық тұрған елдердің өзін соғыс есеңгіретіп жібереді. 10 жылға жалғасқан Ауған жеріндегі айқас соның дәлелі. Бүгінгі "Ерлікке тағзым" атты іс-шараның мақсаты – сол Ауған соғысына қатысқан ағаларымыздың көзсіз ерліктерін дәріптеу, соғыс қасіретін бүгінгі жас ұрпаққа ұғындыру болып табылады. Сонымен қатар, бүгін Мақтаарал, Жетісай аудандарының ауған соғысы ардагерлерінен құралған "Қазақстан ардагері" атты вокалды инструментальды ансамблінің тұсауы кесілгелі отыр. Бұл ансамблдің бірден бір мақсаты да - ардагерлеріміздің ерлігін дәріптеу деп білемін", – деді Бақыт Насырханұлы.

Концерттік кеште аудан әкімі Бақыт Асанов бірнеше ардагерлерді марапаттады. Кеш барысында ерлік, батырлық жайлы әндер шырқалып, жаңадан құрылған ансамбль қалың көрерменнің қошеметіне бөленді.

 

994 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз