Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 10 Желтоқсан, 2019

Елбасы КСРО халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегеновамен кездесті

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың ресми сайты. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті опера әншісінің шығармашылығымен алғаш танысқан кездегі естеліктермен бөлісті.

Сіз халқымыздың шынайы махаббатына ие болдыңыз. Сізге ұзақ өмір, сарқылмас қуат және көрермендердің шексіз қошеметіне бөлене беруіңізді тілеймін. Бірер күн бұрын керемет концертіңіз өтті. Әдеттегідей көрермендердің жоғары бағасына ие болды, - деді Елбасы.

Өз кезегінде Б.Төлегенова Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өткен вокалистердің X байқауының нәтижелері туралы айтты.

- Қамқорлық танытып жүргеніңізге ризамын. Отандық мәдениет пен өнер саласын дамытуға қолдау көрсетіп жатқаныңыз үшін алғыс білдіремін, - деді КСРО халық әртісі.

 

656 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз