Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Желтоқсан, 2019

Мақта тоқыма кластерін дамыту керек

Қазақстан РеспубликасыПарламенті Мәжілісінің депутаттары Қ. Ержан, В. Косарев, Е. Бектұрғанов, А. Ералиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярға мақта тоқыма кластері туралы депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы parlam.kz сайты хабарлады. -Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Шымкент қаласында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтың құрылуы мақта тоқыма кластерінің дамуының негізі болды. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы өңір және Қазақстан үшін перстективалы тоқыма секторына инвесторларды тарту мақсатында құрылған. Арнайы экономикалық аймақта жылына 100 мың тонна мақтаны өңдеуді 10 мың жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін 15 тоқыма мекемелерін құру жоспарланған. Қазақстанда жылына шамамен 300 мың тонна мақта-шикізаты жиналады, және оның 4% ғана, яғни 12 мың тонна мата талшығы дайын өнімге дейін жеткізіледі. Сонымен қатар шикізат құнына қарағанда 4,5 есе қосылған құн алады, ал 288 мың тоннадан астамы экспортқа кетеді. Мақта шаруашылығы облыстың 35 %-нан астам халқының табыс көзі болып саналады. Мемлекет мақта шаруашылығын қолдауға үлкен қаражат және күш- жігер жұмсайды. Жанар-жағар майға, тұқымдарға және пестицидтерге бес жылдың ішінде бөлінген субсидияның көлемі 25 млрд. теңгеден астам соманы құрайды. Алқаптарға су беру жүйесі 15 млрд. теңгеге құрылды. Жаңадан ашылған жұмыс орындары халықты жұмыспен қамтиды, оның нәтижесінде халықтың тұрмыс жағдайы жақсарады. Ал бұл он мыңдаған адамдардың тағдыры. Сонымен қатар бұл жергілікті бюджетті толықтырудың қосымша көзі. Әр мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатының басты мақсаты осы емес пе?! Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеудің кластерлік өндірісіндегі бар тәжірбиені (Шымкент қ.) зерттеуді және өңірлерде өңдеу өнеркәсібін дамыту мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Осы орайда келесідей шараларды іске асыруды сұраймыз:
  1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі Жарлығын іске асыруын қамтамасыз етуді және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы кластерлік өндіріс бағдарламасын логикалық нәтижеге жеткізу;
  2. Мекемелерде мемлекеттік тапсырыстарды жариялау және инвестициялық преференциялар түрінде салалық қолдауды әзірлеу;
  3. Ұзақ және қымбат емес айналыс құралдарымен қамтамасыз ету;
  4. Кедендік рәсімдеу кезінде салалық химикаттарға және жабдықтарға бес жылға нөлдік мөлшерлемемен қамтамасыз ету;
  5. Перспективада мемлекеттің вуздарында және колледждерінде тоқыма факультеттерін ашу, салалық және зерттеу жұмыстарына, сондай-ақ мемлекет ішінде, шет елде мамандарды оқытуға арналған шығындарды ұлғайту;
  6. Өзбекістан Республикасының тоқыма өндірісіндегі даму тәжірбиесін зерттеу.
 

2619 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз