Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Ақпан, 2020

Коронавирус: Күдік туса, кімге хабарласқан дұрыс? (инфографика)

Қазақстанға Қытайдан және басқа ла шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасып жатыр. Мәселен, 2020 жылдың 6 қаңтарынан 4 ақпан аралығында елімізге 30 мың 2 адам келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау миистрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитарлық-карантиндік пункттерінің мамандары Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда - 21 мың 439 адамды, теміржол вокзалдарында – 399 жолаушыны тексерді. ЖРВИ белгілерімен 94 адам көпшіліктен оқшау ауруханаға жатқызылды, оның 61 жазылып шықты, қазір стационарларда медициналық бақылауда 33 адам қалды. Ауруханаға жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті жұқпалы аурулардың ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесі игерген. Республикада терапия үшін қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар бар, жұқпалы ауруханаларды оқшаулауға арналған бокстар, арнайы дәрігерлік және орта медициналық персонал дайындалған. Айта кету керек, бұл жағдай  Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында. Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыз және кез келген сұрақ бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.  

2754 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз