Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 12 Ақпан, 2020

Исламхан Чемпиондар лигасын масқара жеңіліспен бастады ( ВИДЕО)

Бауыржан Исламхан ойнайтын "Аль-Айн" азиялық Чемпиондар лигасының алғашқы турында өз алаңында Иранның "Сепаханынан" 0:4 есебімен ұтылды, деп хабарлайды  Kazgazeta.kz.

Исламхан алғаш рет "Аль-Айн" сапында алаңға алғашқы минуттардан бастап шықты.

38-ші минутта "Сепахан" сапынан Мохаммад Мохеби есеп ашып кетті. 46-шы минутта ирандықтардың бразилиялық шабуылшысы Кирос есепті еселеді. 52-ші минутта Соруш Рафиели "Аль-Айнға" үшінші допты салса, 78-ші минутта кездесудің нүктесін Мохаммад Таеби қойды.

Нәтиже сол – "Аль-Айн" 0:4 есебімен оңбай ұтылды.

Азиялық Чемпиондар лигасының D тобында "Аль-Айн" мен "Сепаханнан" бірге "Аль-Наср" (Сауд Арабиясы) және "Аль-Садд" (Катар) ойнайды.

"Аль-Айн" келесі кездесуін 14-ші ақпанда БАӘ чемпионатында "Иттихадқа" қарсы өткізеді.

 

sports.kz

726 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Досым Сатпаев екі бірдей номинацияның жеңімпазы атанды (видео)
Келесі мақала ЕРЛАН СЫДЫҚОВТЫҢ «ҚҰНАНБАЙ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *