Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Ақпан, 2020

Жаңабек Шағатаев – «Үркер» журналының Бас редакторы

«Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты «Үркер» әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси журналына белгілі жазушы-журналист Жаңабек Шағатаев Бас редакторы қызметіне тағайындалды. Жаңабек Баққондыұлы Шағатаев – 1961 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында туған. ҚазМУ-де оқыған. Шаруашылықта, құрылыста жұмыс істеген. 1985 жылдан бастап «Жалын» баспасында, «Қазақ әдебиеті», «Халық конгресі», «Түркістан» газеттерінде, «Парасат» журналында қызмет атқарған. 1991 жылы «Көкөзек шақ» жинағы үшін М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты атанған. «Бірінші кластың баласы» повесі «Жалын» баспасы жабық конкурсының бәйгесін алған. Шетел жазушылары шығармаларын аударған. «Көкөзек шақ», «Ызғырық» атты хикаяттар мен әңгімелер жинағы,  «Қандағаштың шоқ сырғасы» жинақтарының, «Ащы мен тәтті» кітаптарының  авторы. Халықаралық «Түркістан» газетінің Бас редакторының орынбасары, Бас редакторы қызметтерін атқарды. Әр жылдарда республикалық «Жалын» баспасының жасөспірімдер мен балаларға арналған шығармалар бәйгесін, «Дарабоз» конкурсының бәйгесін жеңіп алған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

«Қазақ газеттері» ЖШС

4334 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз