Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 13 Ақпан, 2020

Санақ жүргізушілерге 75 мыңнан 113 мың теңгеге дейін қаламақы төленеді

Қазақстанның халық санағын жүргізетін бақылаушылар мен сұхбат жүргізушілеріне 75 мыңнан 113 мың теңгеге дейін қаламақы төленетіні жайлы ҚазТАГ телеграф агенттігі  Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Дайындық кезеңінде ұсынылған қызметтердің толық көлемін атқарған жағдайда  сұхбаттасушыға (тіркеушіге) көрсетілген қызметтердің толық жиынтығы ұсынылған қызметі үшін 75,743 мың теңге төленеді деп жоспарлануда. Негізгі кезеңде сұхбат алушыға (хатшыға) көрсетілген толық қызмет үшін 30 күнге 94,678 мың теңге төлеу жоспарда бар. Дайындық және негізгі кезеңдерде жұмыс істеген нұсқаушы-бақылаушыға  көрсетілген толық қызметі үшін 45 күнге  113,614 мың теңге төлеу жоспарланған», - делінген ҰЭМ бейсенбідегі баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, ведомство санақшыларымен қызмет көрсетуге қатысты келісім-шарттар жасалатынын хабарлады.

886 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз