Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Наурыз, 2020

Brent маркалы мұнай бағасы 10% құлдырады

АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі мен өзге мемлекеттердің Орталық банктері нарықтағы жағдайды жүйелей алмай отыр. Ал Қытайдың өнеркәсіп өндірісі коронавирустың тарауы салдарынан соңғы 30 жылда болмаған деңгейге құлдырады. Осы себепті дүйсенбі күні Brent маркалы мұнай бағасы 30 АҚШ долларынан төмен түсті. Brent LCOc1 маркалы мұнай бағасы 4,03 АҚШ долларына арзандады немесе барреліне 29,82 АҚШ долларына жетіп, 12% төмендеді, деп хабарлайды ҚазАпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап. West Texas Intermediate (WTI) маркілі мұнай құны 3,10 долларға немесе 10% арзандап, 28,63 АҚШ долларын құрады. Пандемияның экономикалық салдарларына қарсы тұру үшін АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі жексенбі күні шешуші ставканы 0-ге дейін төмендетті. Өз кезегінде бұл шара Жаңа Зеландия Резервтік банкінің ставкаларды жоспардан тыс рекордтық деңгейде төмендетуіне ықпал етті. Кешірек Жапония банкі кредиттік-қаржы саясатын жеңілдеткенін жариялады, ал бұл кезде Парсы шығанағы елдерінің орталық банктері де проценттік ставкаларды төмендеткен болатын. Алайда бұл шаралар да инвесторлардың көңілінен шыға қоймады, сәйкесінше, қор нарықтары әлсірей берді. «Жағдайдың бұлайша қалыптасуы түсінікті. Өйткені төмен проценттік ставкалар мен облигацияларды сатып алудың жаңа бағдарламалары мұнайға деген сұраныстың әлсіреуімен күреске көмектесе алмайды»,-деді Commerzbank сарапшысы Карстен Фритч (Carsten Fritsch). Ол сондай-ақ қоғам өмірін көлегейлеп, шекараларын жауып, рейстер санын қысқартатын елдер саны неғұрлым көп болса, оның сұранысқа кері ықпал ететіндігін жеткізді. Өйткені бұл жағдай экономикалық белсенділіктің әлсіреуіне әсер етеді. Қытайда қаңтар-ақпан айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі осының алдындағы жылмен салыстырғанда 13,5%, яғни алдын ала болжанғаннан әлдеқайда көп құлдырады. Бұл 1990 жылдың қаңтарынан бергі ең төменгі деңгей. Сондай-ақ АҚШ Президенті Дональд Трамп жұма күні Америка Құрама Штаттарының қазіргі таңда қалыптасып отырған мұнайға деген бағаның төмендігін пайдаланатынын жария етті. Яғни олар электр энергиясын өндірушілердің бағаның құлдырауымен күрес шараларына көмектесу үшін елдегі шикі мұнай қорын толықтырып алмақшы. Дүйсенбі күні IHS Markit алдағы 18 айда АҚШ-тағы шикі мұнай өндіру деңгейі күніне 2-4 млн баррельге азаюы мүмкін екендігін мәлім етті. Осы айда мұнай тасымалдаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) мен Ресей бағаны ұстап қалу және мұнай қорын сақтау мақсатында мұнай өндіру көлемін қысқарту бойынша келісімге келе алмады. Saudi Aramco сәуір мен мамырға жоспарланған мұнай өндірісінің жоғары деңгейін сақтап қалады. ОПЕК пен оған кірмейтін елдердің сәрсенбі күні Венада өтуі тиіс болған техникалық кеңесі өтпейтін болды. Себеп – Сауд Арабиясы мен Ресей мұнай тасымалын қысқарту бойынша келісімге келе алмаған соң араға делдал ретінде кіруге деген ұмтылыс нәтиже бермеді, деп хабарлады дүйсенбі күні дереккөз.  inform.kz 

649 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз