Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Наурыз, 2020

Суықтөбе

Іле Алатауының батысында Жетіжол жотасы орналасқан. Оның ең биік нүктесі-Суықтөбе деп аталады. Теңіз деңгейінен биіктігі-3272 м. Біз осы шыңға шығып қайтуды жоспарлаған едік. Жол ұзақ және шығу биіктігі әр түрлі қиындықтар туғызды. Біз шыңға Жамбыл ауданындағы, Қоғамшыл ауылы арқылы көтерілдік. Тауда жылдың бірнеше мезгілін кездестіресің. Төменде көктем, тау ортасы күз, биігі-қыс. Сондықтан, осы үш мезгілге сай киініп шыққан едік. Шынның бірнеше нүктесі бар. Біз бір биігіне күн бата көтерілдік. Қалың қар мен мұз, тау тастары жолымызға біраз кедергі келтірді. Дегенмен, биікке көтеріліп қайттық. Жетіжол туралы ашық ақпарат көздерінде бірнеше мағұлмат бар. Мәселен, қазақ тіліндегі укипедиядада мынандай дерек бар. Сілемнің батысы Кіндіктас жотасына ұласады. Шығысында Іле Алатауынан Қастек асуы және Қаракастек өзені арқылы бөлініп жатыр. Абсолюттік биіктігі 3273 м (Суықтөбе тауы), ұзындығы 85 шақырым, енді жері 25 шақырым. Негізінен тас көмір кезеңінің кристалдық тақтатасынан, гнейстен, кейбір тұсында жер бетіне шығып жатқан гранитоидтардан түзілген. Жер бедері орта таулық, жалдары тегістелген, беткейлері тік, сай-жыралармен тілімденген.Іле мен Шу өзендерінің суайрығы саналатын жотаның баурайынан Ырғайты, Жанысай, Жіңішке, Ешкілі,Жиренайғыр, Жаманты, т.б. өзендер бастау алады. Жетіжолда бірнеше ландшафттық-климаттық белдеулік байқалады. Тауалдының далалық қоңыр топырақты белдеуінде (800 – 1400 м) бидайық, тарғақ шөп, бозшағыл, т.б. шөптесіндер өседі. 1400 – 2600 м биіктіктегі шалғынды қара топырақты жерлерінде орман сирек кездеседі, үстіртті-жонды белдеуінде (2600 м-ден биікте) доңызот, самалдық, байғұт, субальпілік шалғын өскен. Жетіжолдың баурайы мал жайылымына пайдаланылады. Суықтөбе шыңы туралы дауылпаз ақын Есенқұл Жақыпбеков талай жыр жолдарын арнаған. Соның бірін ұсынсақ. СУЫҚТӨБЕ ТАУЫНЫҢ АТАУЫ ТУРАЛЫ ТАРИХ ЖӘНЕ... Тау деген шексіз шежіре Таусылмас тарих тау деген, Бабалар шыққан асқар тау Алысып жүріп жауменен. Қай сайда жатыр сүйегің Қайран да батыр бабалар?! Қара тас болып қалды ма, Жартастай үлкен дәу денең. Басында Суықтөбенің, Бөрілі байрақ желпілдеп. Бабалар жауды жеңіпті, Қонышы қанға көлкілдеп. Сол таудың атын Қарасай Төбе деп атай салыпты... «Шығатын тауың балалар, Бұдан да биік болсын» деп. Заманнан заман озғанда, Талай бір таулар тозғанда. Саяхат жасап сол маңға Өрмелеп шығып заңғарға, Биікке тіктім жалау көк Шықсам да биік сол тауға. Құлазып тұрды көңілім, Өттің сен немен өмірім? Шығатын тауым беу, дүние, Бұдан да биік еді-ау деп!..  

Суреттерді түсірген-Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Жамбыл ауданы, Алматы облысы

5313 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз