Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Наурыз, 2020

Болай тауы (фоторепортаж)

Медеуге барсаңыз төмпешікке ұқсайтын, жалаңаштау тау алдыңыздан көрінеді. Бұрын бұл таудың қалың қарағайлы орманды болған. 2011 жылғы тауда дауыл болып, артынша орман толықтай жанып кетті.  Ал оның ежелгі атауы "Болай" екенін  көпшілік біле бермейді. 2012 жылы марқұм, ардагер-геолог, жер-су атауларын зерттеушi Молдияр Серiкбаев осы таудың тарихи атауын "Алматы ақшамы" газетінде көтерген еді. Автор қазақ тауының өз атауы болғандығын жазған – Таудың «Болай» аталуының әйгiлi бай, меценат, қайраткер Медеу Пұсырмановтың есiмiмен тiкелей байланысы бар. Медеу – Шапырашты елiнiң iшiндегi Есқожа руының Болай деген атасының ұрпағы болып та- былады. Болайлар Суықтөбенiң шығыс беткейiн жайлаған. Осы маңайда Шиен, Үңгiртас, Амангелдi, Қастек ауылдары бар. Қастекте 20 шақты үй – Шапырашты iшiндегi Қаңлылар отырады. Болайдың Боранғазы, Шақа атты ұлдары болған. Медеу Пұсырманов – Болайдың Шақа әулетiне жатады. Ал, Боранғазылар Қарақастек ауылында осы күнге дейiн тұрады. Бұрын Жамбыл ауданын басқарған Бекболат Тұрысжанов есiмдi азамат белгiлi жазушы Сейдахмет Бердiқұловтың досы едi. Сейдахмет менiң құрдасым болғандықтан, оған: «футболды жаза бергенше, Медеу атаңды зерттемейсiң бе?» деп әзiлдейтiнмiн. Медеу Алматыға қоныс аударып келгеннен кейiн Г.А.Колпаковскиймен жақсы дипломатиялық қарым-қатынас орнатады. Қазiргi Медеу кешенiнiң орнында киiз үй тiгiп отырды. Көкжайлау – Болайдың Шақа әулетiнiң жайлауы болды. Медеу, бiрiншiден, өте ауқатты, екiншiден, дипломатиялық қабiлетi бар, басқа халықтармен тiл табысуды бiлетiн, үшiншiден, жаңашыл тұлға болды. Ауданға Медеудiң атын беру туралы ұсынысты Серiк Құрманғалиев есiмдi Медеуге жиен болып келетiн кiсi ұсынған едi. Ол аудан басшысының орынбасары болып iстейтiн, қазiр Астанада қызмет атқарады ғой деймiн, шамасы. Жалпы, тауды бұрыннан «Болай» тауы деп атаған екен. Мұны маған Хауар Жайшыбекқызы айтып бердi. Ол кiсi 90 жасқа келiп қайтыс болды. Хауар 1882 жылы қазiргi Қазыбек би көшесiнiң бойында ҚазҰУ-дiң ескi корпусы тұрған жерде болған гимназияда бiр жыл оқыған, сауатты адам болған. Амангелдi көшесi бұрын Киргизская аталған. Сол көшеде Медеудiң Жайшыбек деген баласы туған. Әр көшенiң басында әр ұлттың өкiлi отырған. Уйгурская көшесiнде (қазiргi Байтұрсынұлы көшесi) – ұйғырлар, оның бер жағында Дунганская көшесiнде – дұңғандар, Узбекскаяда (қазiргi Сейфуллин даңғылы) – өзбектер, Киргизскаяда – қазақтармен бiрге Жайшыбек отырды. Бұл туралы көп айтыла бермейдi. 2005 жылы тақырыптық карта жасаған едiм. Осы картада «Мохнатканы» «Болай» тауы деп түсiрдiм. Оның жанында жатқан «Три брата» тауын «Беделбай» тауы деп атадым.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

Алматы қаласы

 

4005 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз